Өңірде тіл саясатын жүзеге асыру бойынша барлығы 368 шара онлайн негізде өткізілді, оларға шамамен 40 мыңға жуық адам қамтылды:
- мемлекеттік тілді дамыту және қолдану аясын кеңейту мақсатында – 154 шара (15 300 адам);
- қазақ тілі әліпбиін латын графикасына ауыстыру бойынша – 214 шара (24 699 адам).
2020 жылғы 5 қыркүйекте Қарағанды облысы әкімінің «Тіл жанашыры» сыйлығын табыстау рәсімі карантиндік шектеу шараларына байланысты телевизиялық нұсқада өткізілді. Тележобада Қарағанды қаласының тарихи тұлғаларының ескерткіштері қамтылса, музыкалық нөмірлер Қарағанды, Теміртау қалалары мен Ақтоғай ауданында түсірілді. Телебағдарлама «Saryarqa» телеарнасында жарияланды.
Соның ішінде мемлекеттік тілдің беделін арттыру және қолдану аясын кеңейту мақсатында 2020 жылғы 23 қазанда Қасым Аманжолов атындағы «Дүниеге келер әлі талай Қасым...» атты дәстүрлі республикалық жыр мүшәйрасы ZOOM платформасы арқылы «Qoldau» коворкинг орталығында онлайн режимде өткізілді. Аталған шараға республиканың 12 өңірінен барлығы 95 адам қатысты.
ХVIII-ХІХ ғасырлардағы Орталық Қазақстандағы би-шешендердің әдеби мұрасын насихаттау мақсатында «Тура биде туған жоқ» жинағының 2 томы басып шығарылды (авторы - Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетінің деканы, ф.ғ.д., профессор М.І.Әбдуов, тиражы - 150 дана). Кітаптың тұсаукесері ү.ж. 22 қыркүйекте онлайн форматта ұйымдастырылды.
2020 жылғы 11 маусымда үштілділік саясатын жүзеге асыру аясында қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастарды қолдау, ынталандыру, көтермелеу мақсатында үш тілді меңгерген жастар арасында «Тілдарын» байқауының облыстық кезеңі өткізілді. Байқауға өңірлерден, жоғарғы оқу орындарынан және мемлекеттік мекемелерден 21-35 жас аралығындағы 14 үміткер қатысты. Байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпазы «Тіл шебері» республикалық конкурсына қатысып, жүлделі үшінші иеленді.
Аймақтық «5 арна» телеарнасымен бірлесе отырып, 2020 жылы орыс тілді аудиторияға арналған «Мен мемлекеттік тілді білемін» телебағдарламасының 10 хабары түсірілді. Хабарға әр салада қызмет ететін мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге өтнос өкілдері қатысып, тіл үйренудің жолдары мен оның маңыздылығы туралы ой бөлісті.
Сонымен қатар ү.ж. 25 қыркүйекте облыстағы жоғары оқу орындарының студенттік командалары арасында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына және Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай «Өзіңе сен...» дебаты онлайн негізде өткізілді. Дебатқа ҚазтұтынуОдағы Қарағанды Экономикалық Университетінің, Қарағанды Индустриялық Университетінің, Е.А Бөкетов атындағы Қарағанды Университетінің, Қарағанды Техникалық Университетінің пікірсайыс клубтарының студенттік командалары қатысты.
Қарағанды облысының барлық өңірлері бойынша тілдік жағдайды зерттеу, қазақ, орыс және ағылшын тілдерінің даму деңгейі мен қолданылу аясын анықтау, Қарағанды облысы этностарының социолингвистикалық қажеттілігін бағалау мақсатында Басқарманың тапсырысына орай 2020 жылғы наурыз-маусым айларында "FORKING II" ЖШС тілдік ахуалға әлеуметтік зерттеу жүргізді. Әлеуметтік зерттеуге қамтылғандар саны - 1020 адам.
Басқарманың тапсырмасымен 5 бейнеролик дайындалып, жергілікті «1 Қарағанды» телеарнасынан көрермен назарына ұсынылды және әлеуметтік желілер арқылы таратылды. Сондай ақ, «Сауатты жарнама!» акциясы аясында кәсіпкерлерге жарнама мен көрнекі ақпараттағы тіл мәселесіне қатысты заң талаптарын түсіндіруге арналған арнайы бейнеролик даярланып, жергілікті «5 арна» және әлеуметтік желілерде таратылды.
Сонымен қатар, онлайн режимде көрнекі ақпарат пен жарнама мәселелеріне арналған «Жарнамалардың сауатты рәсімделуі – ортақ мүдде» атты облыстық семинар-кеңес ұйымдастырылып, Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығы тарапынан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында «Көрнекі ақпарат пен жарнама тілін біріздендіру» арнайы әлеуметтік жобасы жүзеге асырылды.
Тіл саясаты шараларын БАҚ арқылы қолдау облыстық медиа-жоспар аясында атқарылуда. 2020 жылы 2170 материал жарыққа шыққан, олардың 200-ден астамы қазақ тілін қолдауға бағытталған шараларды насихаттауға бағытталды.
Мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау бағытында «Орталық Қазақстан» облыстық газетімен тығыз қарым-қатынас орнатылған.
Сондай-ақ, Басқарманың тапсырысымен әзірленген қазақ тілін үйрену бойынша «Қазақша сөйлейік!» бағдарламасы, «Сөз-зерде» зияткерлік телеойынына белсенді жастар мен тіл жанашырлары тұрақты түрде қатыстырылды.
Мемлекеттік тілді оқытуда бірізділікті қамтамасыз ету мақсатында бесдеңгейлік «Сарыарқа-2» оқу-әдістемелік кешені (А1, В1 деңгейлерінің оқу кешені (оқу құралы және жұмыс дәптері) басып шығарылды.
Өңірде 532 мектепке дейінгі білім беру мекемесі жұмыс істейді, тәрбиеленушілердің жалпы саны – 46 800, оның ішінде 26 952 бала (57,6%) қазақ тілді топтарға барады. 504 мектеп қызмет атқарады, оның ішінде қазақ тілді мектептер - 225 (44%). орыс тілді мектептер - 92 (18%), аралас тілді мектептер -187 (38%). Жалпы 106 645 оқушы (52,1%) қазақ тілінде білім алуда. 69 колледжде оқитын 37 788 студенттің 14 366-сы (38%) қазақ тілінде білім алуда. 7 жоғары оқу орындарында білім алып жатқан 31 942 студенттің 18 095-і (56,6%) қазақ топтарында оқуда.
Мемлекеттік тілдің беделін, сұранысын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мақсатындағы іс-шаралар облыстағы барлық білім беру ұйымдарында жүйелі түрде ұйымдастырылып тұрады. Аталған бағытта білім беру мекемелерінде барлығы 300 125 адамды (тәрбиешілер, тәрбиеленушілер, оқытушылар, оқушылар, студенттер) қамтыған 2 589 шара өткізілген, оның ішінде мектепке дейінгі ұйымдарда – 853, мектептерде – 1 568, арнайы білім беру ұйымдарында - 31, орта оқу орындарында – 137 шара өткізілді. Білім беру мекемелерінде облыстық деңгейдегі 21 шара онлайн форматта өткізілді. Солардың ішінде жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында республикалық Абай оқуларының қалалық, аудандық, облыстық кезеңдері, жас ақындардың айтысы, орыс тілінде оқытатын мектептерде оқитын өзге ұлт өкілдерінің қатысуымен «Жарқын болашақ» конкурсы, жас ұрпақтың бойына тілді, әдебиетті меңгеру, өлең жазу қабілеттерін айқындау мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында «Ақберен» байқауы, Сәкен оқулары, 9-11 сынып оқушылары арасындағы оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетінен білімдерін шыңдап, тереңдету мақсатында қазақ тілінен Қ.Бітібаева атындағы облыстық олимпиадасы, 11 сынып оқушылары арасында «Жас филолог» олимпиадасы, «Жас шешен» мектебі ұйымдастырылады. Білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығымен «Көп тілді меңгерген мұғалім» байқауы өткізіледі. Сонымен қатар ұлттық әдебиеттерге деген оқырмандардың қызығушылығын арттыру және қолдау көрсету және оқу мәдениетін дамыту және қолдау, тарихи-мәдени және рухани мұрамызды сақтау, ана тілімізге деген қамқорлық қатынасты нығайту мақсатында «Бір ел-бір кітап» акциясы өткізіледі.