Меню

Страницы

Статья

Халыққа қызмет көрсетудің барлық салаларында (денсаулық сақтау, білім беру және сот ісі ұйымдарында, мәдениет және өнер салаларында, спорт және туризм, банк ісі, сауда, қоғамдық көлік, әуе және темір жол коммуникациясы, қонақүй бизнесі, қоғамдық тамақтану салалары мен демалыс орындарында және т.б) тіл туралы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау

2020 жылдың I жартыжылдығында 3 департаментте (Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті,  Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті)  профилактикалық бақылау жүргізілді. 

2020 жылдың II жартыжылдығында 3 өңірдің  13 мекемесінде (Қарағанды қаласы - 6 мекеме, Қаражал қаласы - 4 мекеме, Нұра ауданы - 3 мекеме)  профилактикалық бақылау жүргізілді.

Профилактикалық бақылау барысында «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңының 8 және 10-баптарының өз деңгейінде орындалмауы анықталды.

Кемшіліктерді жою туралы ұйғарымдар негізінде 18 тұлға (1 қатаң сөгіс, 11 ескерту, 4 ауызша ескерту, 2 ұжымға ауызша қатаң ескерту) жауапкершілікке тартылды.

2021 жылы Қарағанды облысы әкімдігінің 2020 жылғы 5 қарашадағы «Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуы бойынша 2021 жылдың І жартыжылдығына бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізудің тізімін бекіту туралы» №70/01 қаулысына сәйкес 8 мекемеде (Теміртау қаласы – 5 мекеме және 3 департамент: Қарағанды облысының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Қарағанды облысы бойынша департаменті, Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті) профилактикалық бақылау жүргізу жоспарлануда.

2020 жылы профилактикалық тексеріспен қамтылған мекемелерде шығыс құжаттарының мемлекеттік тілдегі үлесі жоғарылаған: 3 өңірде - Қарағанды қаласы бойынша (78%-дан 87%-ға), Қаражал қаласы бойынша (76,9%-дан 97,1%-ға), Нұра ауданы бойынша (85,2%-дан 95%-ға) және Мемлекеттік кірістер департаментінде (74,8%-дан 86,3%-ға), Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінде  (16,2%-дан 75,3 %-ға), Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон департаментінде  (72,6%-дан 76,7 %-ға).

Сонымен қатар, Ақтоғай, Абай,  Бұқар жырау, Жаңаарқа, Қарқаралы, Ұлытау, Осакаров, Шет, Нұра аудандары мен Теміртау, Шахтинск, Сәтбаев, Приозерск қалаларының 40-тан астам мекемесіне профилактикалық бақылаудан тыс      әдістемелік көмек көрсетілді. Нәтижесінде шығыс құжаттарының үлесі және көрнекі ақпараттардағы кемшіліктерді түзету көрсеткіші артты.

Дата публикации
15 января 2021
Дата обновления
15 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

10 июня 2025
Қазтест
10 июня 2025
Ономастика
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы