Меню

Страницы

Статья

Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы азаматтық қоғам институттарына, белсенді азаматтарға, еріктілерге қазақ тілін қолдауға бағытталған акциялар, іс-шаралар, бастамашылық-жобалар өткізуде қолдау көрсету

Қарағанды облысындағы қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту мақсатында және  азаматтық қоғам институттарымен, белсенді азаматтармен, еріктілермен байланыс орнату, оларға қолдау көрсету бағытында аймақтағы тіл жанашырлары азаматтық қоғам белсенділері топтасқан «Қазақ тілі және мәдениеті» қоғамдық бірлестігі және халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалы, ҚР Жазушылар Одағының облыстық филиалы, «ORKEN» ЖМ, «Тіл сарайы» ЖМ және тағы басқа да үкіметтік емес ұйымдарымен тығыз қарым-қатынаста жұмыстар  атқарылуда. Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы тарапынан өткізілетін «Дүниеге келер әлі талай Қасым...» республикалық дәстүрлі жыр мүшәйрасы, Ақселеу Сейдімбек атындағы облыстық жас қаламгерлер байқаулары, «Үздік әдістеме» облыстық байқауы секілді ірі шаралар қоғамдағы мемлекеттік тілді дамытуға, тіл мәдениетін арттыруға бағытталған.

Жыл сайынғы тұрақты іс-шаралар: облыс әкімінің «Тіл жанашыры» сыйлығы, ономастика, мемлекеттік тілді дамыту комиссияларының жұмысы, тілдерді оқыту курстары, шешендік шеберлік конкурстары, «Көрнекі ақпарат және жарнама-сауаттылық» айлығы және т.б. іс-шаралардың барлығы азаматтық қоғам өкілдерімен тығыз байланыста ұйымдастырылып келеді.

Тіл саясаты шараларын БАҚ арқылы қолдау облыстық медиа-жоспар аясында атқарылуда. Аталған медиа-жоспар негізінде 2020 жылы жарыққа шыққан 2170 материалдың 200-ден астамы азаматтық қоғам институттарына, белсенді азаматтарға, еріктілерге қазақ тілін қолдауға бағытталған акциялар, іс-шаралар, бастамашылық-жобаларын насихаттауға бағытталды. 

Мемлекеттік тіл саясатын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы насихаттау бағытында «Орталық Қазақстан» облыстық газетімен тығыз қарым-қатынас орнатылған.

Облыстың бұқаралық ақпарат құралдарында: «Мемлекеттік тіл», «Үштілдік білім», «Тіл ғұмыры – ұлт тағдыры», «Тіл жанашыры», «Тіл саясаты», «Латын әліпбиіне көшу», «Жолдауды қолдау» және т. б. 30-дан астам арнайы айдарлар ашылды.

Аймақтық телеарналардағы «Уақыт.kz», «Oitalqy», «В интересах людей» («Сарыарқа» ТА), «Бағыт» («Первый Карагандинский» ТА), «Постскриптум» («5-арна» ТА) телебағдарламаларында азаматтық қоғам өкілдері үнемі қатыстырылып, олардың ой пікірі мен жобаларын насихаттауына мүмкіндіктер беріліп келеді.

Сондай-ақ, облыстық тілдерді дамыту басқармасының тапсырысымен әзірленген қазақ тілін үйрену бойынша «Қазақша сөйлейік!» («Сарыарқа» ТА), «Я знаю государственный язык» («5-арна» ТА) бағдарламалары мен «Сөз-зерде» зияткерлік телеойындарына белсенді жастар, өзге этнос өкілдері мен тіл жанашырлары тұрақты түрде қатыстырылды. 

Бұл бағыттағы жұмыстар алда жалғасын табатын болады.

Дата публикации
15 января 2021
Дата обновления
15 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

10 июня 2025
Қазтест
10 июня 2025
Ономастика
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы