Қарағанды қаласында жалпы саны 158 компания жарнама қызметі саласында қызмет көрсететіні анықталған (2ГИС қалалар мен объектілер карталары бар атаулы электрондық анықтамалық негізге алынды).
Олардың 54 – жарық жарнамасы, 26 – көліктегі жарнама, 75 – сыртқы жарнаманы орналастыру, 115 – тақтайшалар, бейдждер жасау, 17 – БАҚ-ғы жарнама, 34 – интернеттегі жарнама, 94-жарнама дизайны бойынша қызмет көрсетеді.
Басқарманың бастамасымен ұйымдастырылған «Көрнекі ақпарат пен жарнамаға сауаттылық!» атты тоқсандық айлықтар аясында 2020 жылы қамтылған 7834 нысанға ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Басқарма және қала аудан әкімдіктері жанынан іске қосылған "Жедел желі" ("Callcenter") қызметі арқылы 3303 кәсіпкерге жарнаманы дұрыс ресімдеуге көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, 2020 жылғы 29 маусымда онлайн режимде көрнекі ақпарат пен жарнама мәселелеріне арналған «Жарнамалардың сауатты рәсімделуі – ортақ мүдде» атты облыстық семинар-кеңес ұйымдастырылып, қала мен аудан мамандарына және кәсіпкерлерге, жарнама агенттіктеріне әдістемелік көмектер, кеңестер берілді.
2020 жылғы наурыз-қазан айлары аралығында Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығы тарапынан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында Қарағанды қаласында орналасқан мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы ұйымдардың, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің көрнекі ақпараттарының тіл және жарнама туралы заңнама талаптарына сәйкестігіне мониторинг жүргізу, жарнама агенттіктерімен ынтымақтасып орнатып, заңнама нормаларын түсіндіру, аударма бойынша тегін әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Көрнекі ақпарат пен жарнама тілін біріздендіру» арнайы әлеуметтік жобасы жүзеге асырылды.
Жоба аясында 10 адамнан (қоғам белсендісі, тіл жанашырлары мен еріктілерден) тұратын жұмыс тобы құрылды. Әр жұмыс тобының мүшесі Қарағанды қаласында орналасқан 300 нысанға барып, ҚР тіл және жарнама туралы заңнама талаптарына сәйкес түсіндіру жұмысын жүргізді және әдістемелік көмек көрсетті. Жалпы саны 3000 нысан қамтылды.
Жоба аясында арнайы құрылған call-орталық жыл бойы шағын және орта кәсіпкерлік нысандардан келіп түскен 600-ден астам жарнама мен көрнекі ақпарат мәтіндеріне тегін аударма қызметін көрсетті.
Қаламыздағы "Gold Print", "Аврора", "Рекламный век", "Арт Плаза", "Av-групп", "Absolute Kazakhstan", "Бірінші маршруттық телеарна", "Новый вестник", "Бест Корпорация" толық циклді жарнама агенттіктерімен ынтымақтастық орнатылды. Жоба 2021 жылы да өз жалғасын табады.
"Жедел желі" ("Callcenter") қызметі арқылы 3303 кәсіпкерге жарнаманы дұрыс ресімдеуге көмек көрсетілді.