Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік тіл нормаларына сәйкес келетін көрнекі ақпаратты қамту дәрежесі

Көрнекі ақпарат пен жарнамалардағы тіл мәселелерін шешу бағытында арнайы облыстық жұмыс жоспары бекітілген. Оны іске асыру үшін жұмыс тобы құрылып, оған қоғам белсенділері, тіл жанашырлары БАҚ, жастар өкілдері тартылған. Бұл бағыттағы мәселелер облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен өткізген 3 отырыста және облыс әкімінің қатысуымен өткен мемлекеттік тілді ілгерілету бойынша 1 отырыста қаралды.

Облыс бойынша тіркелген 90 мыңға жуық (89 078) шағын және орта бизнес нысандарындағы көрнекі ақпарат пен жаранамалардың заң талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында оларды рейд жұмыстарымен қамту шаралары тұрақты  жүргізілуде.

Басқарманың бастамасымен ұйымдастырылатын «Көрнекі ақпарат пен жарнамаға сауаттылық!» атты тоқсандық айлықтар аясында 2020 жылы 7834 нысан қамтылып, олардың 5487- і (70%) мемлекеттік тілді дұрыс қолданатыны анықталды. Аталған нысандарда орналасқан 13 251 көрнекі ақпарат пен жарнаманың 1592-і нормаға сәйкес емес. Бүгінгі оның 957 (60%)  түзетілді. Бұл көрсеткішті арттыру жұмыстары жүргізілуде.

2020 жылы алғаш рет қолға алынған "Көрнекі ақпарат пен жарнама тілін біріздендіру" атты әлеуметтік жобасы аясында еріктілермен бірге облыс орталығындағы 3 мыңға жуық нысан қамтылып, 600-ден астам бизнес субьектілеріне жарнама мәтіндерін тегін аудару көмегі көрсетілді.

"Жедел желі" ("Callcenter") қызметі арқылы 3303 кәсіпкерге жарнаманы дұрыс ресімдеуге көмек көрсетілді.

Сонымен қатар, 2020 жылдың 29 мауысымында онлайн режимде көрнекі ақпарат пен жарнама мәселелеріне арналған  «Жарнамалардың сауатты рәсімделуі – ортақ мүдде» атты облыстық семинар-кеңес ұйымдастырылып, қала мен аудан мамандарына және кәсіпкерлерге, жарнама агенттіктеріне әдістемелік көмектер, кеңестер берілді.

Дата публикации
15 января 2021
Дата обновления
15 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

10 июня 2025
Қазтест
10 июня 2025
Ономастика
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы