Облыс тұрғындарын мемлекеттік тілге оқыту жұмыстары облыс аумағында жұмыс жасайтын 6 оқыту орталықтары (1-жеке меншік) мен 8 оқыту курстары негізінде ұйымдастырылды.
1) «Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығы" ЖК – 8 оқытушы, 2 әдіскер;
2) Балқаш қаласының "Тілдер орталығы" КММ - 8 оқытушы, 3 әдіскер;
3) Жезқазған қаласының "Тілтану" оқу-әдістемелік орталығы" КММ - 4 оқытушы, 1 әдіскер;
4) Шахтинск қаласының "Бастау" оқу-әдістемелік орталығы" КММ - 5 оқытушы, 1 әдіскер;
5) "Теміртау қаласының тілдерді дамыту орталығы" КММ - 8 оқытушы, 2 әдіскер;
6) "Cаран қаласының тілдерді дамыту орталығы" КММ - 2 оқытушы, 2 әдіскер.
Оқыту жұмыстарын біріздендіру мақсатында республика бойынша «үздік» деп танылған бесдеңгейлік «Сарыарқа-2» оқу-әдістемелік кешені оқыту процесінде қолданылады.
2020 жылы қазақ тіліне оқытылған адам саны - 2179;
Оқытылған адамдардың ұлттары бойынша бөлінісі:
- қазақ - 1198;
- орыс - 736;
- өзге ұлт өкілдері - 245;
Оқытылған адамдардың қызмет саласы бойынша бөлінісі:
-мемлекеттік қызметшілер - 310;
- құқық қорғау органдары қызметкерлері - 545;
- білім беру саласы қызметкерлері - 555;
- мемлекеттік қызмет көрсету саласы қызметкерлері - 257;
- медицина саласы қызметкерлері - 60;
- жеке тұлғалар - 452.
Өңірдегі жекеменшік тіл оқыту орталықтарының жалпы саны - 103, оларда қазақ тіліне оқытылған адамдардың саны - 277.