Меню

Страницы

Статья

Ересек тұрғындар арасында жаңа әліпби мен емле ережесін меңгерту мақсатында семинарлар, курстар ұйымдастыру

Жалпы жыл бойына ересек тұрғындар арасында жаңа әліпби мен емле ережесін меңгерту мақсатында 16 743 адамды қамтыған 114 онлайн семинарлар, дөңгелек үстелдер, онлайн-кездесулер, онлайн сұхбат ұйымдастырылса, 7 697 адамды қамтығын 115 курстар, тренингтер, вебинарлар мен танымдық сағаттар өткізілді.

Атап айтсақ, Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығы мамандары тарапынан қазақтілді аудиторияға «Латын графикасында оқу және жазу дағдысын жетілдіру» тақырыбында және орыстілді аудиторияға «Графика современного поколения» атты 5 күндік курстар мен вебинарлар, мектеп педагогтары мен колледж оқытушылары арасында онлайн-пікір алмасу, танымдық сағаттар мен тәжірибелек курстар жүйелі түрде ұйымдастырылды. Сондай-ақ өңірлердегі латын графикасын енгізуге жауапты әдіскерлердің тәжірибелерін жетілдіру мақсатында «Төл сөздер мен шеттілдік сөздерде ескерілетін ережелер» атты вебинар, «Тілдік шаблондар арқылы сөйлеу тілін жетілдіру» тақырыбында онлайн-семинар және «Әдіскерге көмек» айдарымен жүйелі түрде онлайн кездесулер өткізілді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облыстық филиалында қайта даярлау курстары мен біліктілік арттыру семинарларының бағдарламасында мемлекеттік қызметшілерді латын графикасымен және емле ережелерімен таныстыру үшін 4 және 8 сағаттық курстар қарастырылған. Биылғы жылы 2 324 мемлекеттік қызметші (ОМО – 313, ОАО – 508, ЖАО – 1503) қайта даярлаудан және біліктілікті арттыру курстарынан өтіп, бағдарламаға сәйкес жаңа әліпби және емле ережелерімен танысты.

Сонымен қатар Қарағанды қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастырумен ересек тұрғындар арасында латын графикасындағы әліпби нұсқасымен    таныстыру, дағдыландыру  мақсатында қашықтықтан оқыту курсына 100 адам қамтылды.

Ү.ж. 9 қарашада Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың төрағалығымен өткен Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің жетілдірілген жобасын таныстыру туралы кеңесте берілген тапсырмаларды іске асыру мақсатында Қарағанды облысында латын графикасы негізіндегі жетілдірілген әліпбидің емле ережелерінің жобаларын түсіндіруге бағытталған кешенді медиажоспар бекітіліп, түсіндіру шаралары қарқынды түрде қолға алынды.

Осы ретте ү.ж.  2 желтоқсаннан бастап «Президент тапсырмасы негізінде қазақ тілі әліпбиінің жетілдірілген жобасын таныстыру шарасы» Қарағанды облысында орналасқан 18 өңірге Е.Бөкетов атындағы ҚарУ доценті, тілші-ғалым, Ұлттық комиссия жанындағы Орфографиялық жұмыс тобының мүшесі М.А. Тұрсынова мен Орталық мамандары тарапынан түсіндіру шарасы ұйымдастырылды. Аталмыш жұмыс 2021 жылы да өз жалғасын табады.

Дата публикации
15 января 2021
Дата обновления
15 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

10 июня 2025
Қазтест
10 июня 2025
Ономастика
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы