Облыс бойынша мемлекеттік тілге оқытатын мамандарға арнап отандық және шетелдік әдіс-тәсілдерімен таныстыру, қашықтықтан тіл оқытуда заманауи мультимедиялық технологияларды тиімді қолданудың әдіс-тәсілдерін игерту мақсатында 345 адамды қамтыған 9 шара онлайн негізде өткізілді, оның ішінде облыстық деңгейде 6 шара:
- Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс аясында латын графикасына негізделген қазақ жазуының емле ережелерін үйретудің әдістемесін қалыптастыру мақсатында өңірдегі латын әдіскерлері мен мектеп мұғалімдерінің арасында өткізілген «Үздік әдістеме» облыстық байқауы (2020 жылғы 28 қазан, 12 адам қамтылды).
- «STEAM жүйесі бойынша қашықтан тіл оқыту: технологиялар мен дағдылар» тақырыбында оқытушылардың біліктілігін арттыру бойынша шеберлік сыныбы (2020 жылғы 29 маусым - 3 шілде, 32 адам қамтылды);
- «STEAM жүйесі бойынша қашықтан тіл үйрету мүмкіндіктері» оқытушылардың біліктілігін арттыру семинары (2020 жылғы 29 ақпан, 50 адам қамтылды);
- «Қашықтан тіл оқытуда заманауи мультимедиялық технологияларды тиімді қолданудың әдіс-тәсілдері» семинары (2020 жылғы 9-11 желтоқсан, 17 адам қамтылды).
- Мемлекеттік қызмет саласындағы тіл мамандарының шығармашылық әлеуетін ашу және тіл мәдениетін жетілдіру мақсатында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Мемлекеттік тіл - мемлекеттік қызметте» өңірлік байқауы (2020 жылғы 19 маусым, 44 адам қамтылды).
- Мекемелердегі тілге жауапты мамандардың мемлекеттік тілде іс жүргізу жұмысын жүйелеу және тәжірибе алмасу мақсатында «Мемлекеттік мекемелердегі құжат айналымын қазақ тілінде жүргізу ерекшеліктері» семинары (2020 жылғы 20 шілде, 60 адам қамтылды).
- Өңірдегі тілдерді оқыту орталықтарының әдіскер-оқытушыларын және мектепке дейінгі мекемелердің оқытушыларын, орта білім беру ұйымдарының және жоғарғы оқу орындарының оқытушыларын қамти отырып, В.Тен, Қ.Тәсібеков, Т.Валяева, З.Күзекова сынды әдіскерлердің әдістемесіне шолу жасау мақсатында «Тілді оқытуда қолданылып жүрген әдіс-тәсілдер» тақырыбында онлайн-семинары (2020 жылғы 27 шілде, 30 адам қамтылды).
- Ресурстық тіл орталығының ұйымдастыруымен Қарағанды, Ақтөбе, Өскемен, Қызылорда, Қостанай облыстарындағы тілдерді оқыту орталықтарының қатысуымен «Қазақ тілін оқыту үдерісінде ресурстарды тиімді қолдану жолдары» тақырыбында 5 күндік республикалық онлайн-семинар (2020 жылғы 1-5 маусым, 40 адам қамтылды).
9. «Мәміле» клубының негізін салушы Қ.Тәсібековтің қатысуымен Қостанай облысының «Тілдарын» тілдерді оқыту орталығымен бірлесе отырып «Тілді танымдық тұрғыдан жағдаяттық негізде оқыту» республикалық онлайн-семинары (2020 жылғы 15 қазан, 60 адам қамтылды).