Есептік кезең ішінде облыс аумағында қазақ тілін латын графикасына көшіру бойынша кешенді жұмыстары аясында 24 440 адамды қамтыған 229 шара ұйымдастырылды. Оның ішінде 7 697 адамды қамтығын 115 дағдыландыру шаралары (курстар, тренингтер, танымдық сағаттар, онлайн-семинарлар мен вебинарлар) өткізіліп, жаңа әліпбидің емле ережелері таныстырылды, түрлі тапсырмаларды орындау арқылы оқу, жазу дағдылары қалыптастырылды. Бұдан басқа латыннегізгі әліпбидің жаңа нұсқасымен таныстыру, түсіндіру және насихаттау мақсатында 16 743 адамды қамтыған 114 ақпараттық шаралар (пікір алмасу, дөңгелек үстел, конференциялар, байқаулар, онлайн-акциялар, онлайн дәрістер, эссе, диктант жазу байқаулары, дебат, викторина, тікелей эфирлер мен түсіндіру шаралары) ұйымдастырылды. Жалпы ұйымдастырылған 229 шараның 203-і (курстар, онлайн-семинарлар, вебинарлар, акциялар, тікелей эфирлер, түсіндіру шаралары, дәрістер, және т.б.) онлайн форматта өткізілген.