Меню

Страницы

Статья

Қарағанды облысы әкімінің «Тіл жанашыры» сыйлығын тағайындау тәртібі туралы ереже

  1. Қарағанды облысы әкімінің «Тіл жанашыры» сыйлығы (бұдан әрі - Сыйлық) мемлекеттік тілдің қоғамдық рөлі мен маңызын арттыру, тілдерді дамыту мен мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға үлес қосқан тұлғаларды көтермелеу және оларға қолдау көрсету мақсатында тағайындалады.
  2. Облыс әкімінің Сыйлығы жылына бір рет Қазақстан халқының тілдері күні қарсаңында өткізілетін салтанатты жиында табыс етіледі.
  3. Мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту мен насихаттауға тікелей үлес қосқан тұлғалар Сыйлыққа үміткерлер ретінде келесі номинациялар бойынша қатыса алады:

«Тіл майталманы» номинациясы - мемлекеттік тілді дамыту мен танымал етуге елеулі үлес қосқан, сондай-ақ оқу және мәдени-ағартушылық бағдарламалардың, әдістемелік құралдардың әзірлеушілері мен жүзеге асырушылары болып табылатын, қоғам өмірінің әр саласында қазақ тілінің кең қолданылуына бағытталған мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыруға атсалысып жүрген 35 жастан асқан шығармашылықпен айналысатын азаматтар және зиялы қауым өкілдері арасында;

«Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» номинациясы - облыстың мемлекеттік және бюджеттік мекемелерінде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту ісіне айтулы үлес қосып жүрген мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік және азаматтық қызметшілері, штаттан тыс мамандары арасында;

«Тіл жаршысы» номинациясы - мемлекеттік тіл саясатының өзекті мәселелерін жүйелі әрі сапалы жариялағаны және материал беру бірегейлігі мен кәсібилігі үшін қазақ және орыс тілдеріндегі баспа бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері және штаттан тыс қызметкерлер арасында;

«Үздік телехабар» номинациясы - тіл саясатын жүзеге асыру бағытындағы мәселелерді көтерген арнайы, сапалы телехабарлар ұйымдастырғаны және материалдарды берудегі шығармашылық пен бірегейлік үшін қазақ және орыс тілдеріндегі электронды бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері  арасында;

«Жас полиглот» номинациясы - мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген, аймақтық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейде конкурстарда, олимпиадаларда, жобаларда грамота, диплом, сертификаттар мен басқа да наградаларға ие болған 14-29 жас аралығындағы  жастар арасында;

«Тіл білгірі» номинациясы - мемлекеттік тілді еркін меңгерген, облыстық, республикалық конкурстардың жеңімпаздары және жүлделі орын иегерлері болып табылатын 14-29 жас аралығындағы өзге ұлт өкілдерінің жастары арасында;

«Мемлекеттік тіл - бизнесте» номинациясы - облыс аумағында кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру барысында ұлттық құндылықтарды насихаттауға және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге үлес қосып жүрген шағын және орта бизнес өкілдері арасында;

 «Үздік оқытушы» номинациясы - ересектерге мемлекеттік тілді оқытуда жетістіктерге жеткен, тіл үйретуде озық технологияларды, жаңа әдістерді қолданатын, бірегей әдістемелік өнімдердің авторы болып табылатын тұлғалар арасында.

  1. Номинацияға қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)   түйіндеме, өмірбаян, мекемеден ұсыныс-мінездеме;

2)   1 фотосурет (өлшемі 9х12);

3)   жеке куәлік көшірмесі;

3)   мемлекеттік тілді дамыту және жетілдіру бойынша жобалық ұсыныс;

4)  мемлекеттік тілді және Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту саласында жеткен жетістіктерін растайтын құжаттардың және материалдардың көшірмелері (грамоталар, дипломдар, алғысхаттар, сертификаттар, мақалалар, жарияланымдар, тақырыптық телехабарлар, бағдарламаларда қатысқанын растайтын анықтамалар және олардың CD/DVD көшірмелері). Құжаттар соңғы 3 жыл көлемінде атқарылған жұмыс нәтижесі бойынша ұсынылуы тиіс.

  1. Сыйлыққа үміткер тек бір номинация бойынша қатыса алады, сонымен қатар Сыйлық лауреатының құжаттары үш жыл көлемінде қайта қабылданбайды.
  2. Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін материалдар қабылданбайды. Үміткерлер ұсынған құжаттар қайтарылмайды, пікір берілмейді.
  3. Сыйлықты тағайындау тәртібі туралы ереже жергілікті баспа басылымдарында жарияланады.
  4. «Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі комиссияның жұмысшы органы (одан әрі – Жұмысшы орган) болып табылады.
  5. Жұмысшы орган өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес:

1) Сыйлыққа ұсынылған үміткерлердің конкурстық құжаттарын қабылдап, алдын ала қарастырады;

2) комиссияның қарауына конкурстық құжаттарды ұсынады;

3) Сыйлық лауреаттарының дипломдарын, куәліктерін және құрмет белгілерін ресімдейді.

  1. Құрамы облыс әкімінің қаулысымен бекітілген комиссия мүшелері Сыйлық лауреаттарын іріктейді. Қажет болған жағдайда комиссия жеке мәселелер бойынша кеңесшілерді, сарапшыларды тартуға құқылы.
  2. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес:

1) лауреаттарды іріктейді және номинацияға қатысуға жіберу бойынша  ұсыныстар енгізеді;

2) комиссияға түскен материалдар мен құжаттарды қарастырып, зерделейді, облыс әкіміне Сыйлық тағайындау жөнінде ұсыныс енгізеді.

  1. Комиссияны төраға басқарады. Комиссия төрағасы болмаған кезде, оның міндеттерін комиссия төрағасының орынбасары жүзеге асырады.
  2. Комиссия төрағасы:

1) комиссия қызметін ұйымдастырады және басқарады;

2) комиссия отырысын өткізеді  және оған төрағалық етеді;

3) комиссия мүшелері арасынан комиссия отырысының күн тәртібіне қойылған мәселе бойынша баяндамашыны анықтайды;

4) комиссия құзыреті аясында басқа да өкілеттілікті атқарады.

  1. Комиссия хатшысы:

1) комиссия отырысының өткізілуін  қамтамасыз етеді;

2) комиссия отырысының күн тәртібін белгілейді, комиссия мүшелеріне комиссия отырысының күн тәртібі, өтетін орны мен уақыты туралы хабарлайды;

3) комиссия мүшелеріне келіп түскен құжаттарды ұсынады;

4) комиссия төрағасының тапсырмаларын орындайды;

5) Сыйлыққа ұсынылған үміткерлер бойынша комиссия мүшелерінің дауыс беруін ұйымдастырады;

6) үміткерлердің жұмысын қарау нәтижесі бойынша хаттама ресімдейді

15. Комиссия Сыйлыққа үміткерлерді екі кезеңге бөліп қарайды. Бірінші кезеңде - әр номинация бойынша 3 үміткерден іріктейді, екінші кезеңде – Сыйлыққа бір үміткерді іріктеп алады.

    1. Сыйлық тағайындау туралы ұсыныс Комиссия мүшелерінің ашық және көпшілік дауысымен әрбір үміткер бойынша жеке-жеке қабылданып, хаттамамен ресімделеді.
    2. Облыс әкімінің Сыйлығы комиссия хаттамасы негізінде тағайындалады.
    3. Комиссия отырысы, егер оған комиссия құрамының 2/3 кем емес мүшесі қатысқан жағдайда, заңды болып саналады.
    4. Комиссия мүшесінің өз жұмысын Сыйлық үміткері ретінде ұсынуға құқығы жоқ.
    5. Сыйлықтың сыйақы көлемі бюджетте қарастырылған қаражат есебінен төленеді.
Дата публикации
27 июля 2020
Дата обновления
27 июля 2020
Тип

Сейчас читают

10 июня 2025
Қазтест
10 июня 2025
Ономастика
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы