Меню

Страницы

Статья

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Ағымдағы жылғы 6 қазанда Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

  1. Осы Заңда мемлекеттік қызметшілер мен олардың отбасы мүшелеріне сыйға тартушының пайдасына жасаған әрекеттері үшін сыйлықтарға, материалдық сыйақыға және қызмет көрсетуге толық тыйым салынған.

Атап айтқанда, Азаматтық кодекстің 509-бабы жаңа редакцияда жазылған, 2-тармағында былай делінген: "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған мемлекеттік қызметшілерге және өзге де адамдарға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне мемлекеттік қызметшілердің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған өзге де адамдардың әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін сыйлықтарды сыйға тартушының пайдасына, егер мұндай әрекеттер аталған адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне кіретін болса немесе осы адамдар лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал етуі мүмкін.».

Сондай-ақ, тиісті түзетулер "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы" заңдарға енгізілді, оларға сәйкес мемлекеттік қызметшілердің, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың, сондай-ақ көрсетілген функцияларды орындауға уәкілеттік берілген кандидаттар болып табылатын адамдардың және (немесе) олардың отбасы мүшелерінің шотына олар білмей келіп түскен ақша, сондай-ақ олар өздеріне, сыйлықтарды немесе қызмет көрсетулерді ұсынған адамдардың пайдасына жасаған әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін, егер мұндай әрекеттер жоғарыда аталған адамдардың қызметтік өкілеттіктеріне кіретін болса немесе осы адамдар лауазымдық жағдайына байланысты осындай әрекеттерге (әрекетсіздікке) ықпал ете алатын болса, олар анықталғаннан кейін екі аптадан аспайтын мерзімде тиісті мемлекеттік кіріс органына мұндай қаражаттың түсуінің мән-жайлары туралы түсініктеме ұсыныла отырып, республикалық бюджетке аударылуға жатады.

Сыйлықтар Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға (ескі редакцияда арнаулы мемлекеттік қор көрсетілген) сыйлықты алған күннен бастап не тиісті адамға сыйлықты алғаны туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде өтеусіз берілуге тиіс, ал аталған адамдарға нақ сондай мән-жайларда көрсетілген қызметтер қызмет көрсетілген күннен бастап не адамға қызмет көрсету туралы белгілі болған күннен бастап күнтізбелік жеті күн ішінде республикалық бюджетке ақша аудару арқылы төленуге тиіс.

Сыйлықты мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органға берген тұлға Жоғары тұрған лауазымды адамды хабардар ете отырып, оны мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен жасалатын сатып алу-сату шарты негізінде "Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес айқындалған құн бойынша сатып алуға құқылы. Сыйлықтарды сатудан түскен ақша республикалық бюджетке аударылады.

Адамның отбасы мүшелері деп жұбайы (зайыбы), ата-анасы, балалары, оның ішінде кәмелетке толған балалары және жоғарыда көрсетілген Тізбеде көрсетілген адаммен асырауындағы және тұрақты тұратын адамдар түсініледі.

  1. Сондай-ақ, заңда туыстардың бір ұйымдағы бірлескен жұмысының жекелеген мәселелерін реттеуге бағытталған нормалар қарастырылған.

Мәселен, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңға түзетулер енгізілді, атап айтқанда 13-баптың 7-тармағы жаңа редакцияда жазылды және былай делінген: "мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары атқаратын лауазымға тікелей бағынысты мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысты бола алмайды.».

Бұл жерде жақын туыстар деп ата-аналар, балалар, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері түсініледі. Жекжаттар деп жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, ата-аналары мен балалары түсініледі.

Сондай-ақ "құқық қорғау қызметі туралы", "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" заңдарға да түзетулер енгізілді, сол сияқты өзінің жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары атқаратын лауазымға тікелей бағынысты лауазымды атқаруға, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысты болуы мүмкін.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңның 14-бабы 1-1-тармақпен толықтырылды, оған сәйкес "мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар өздері лауазымға орналасуға үміткер болған ұйымның басшылығына осы ұйымда жұмыс істейтін жақын туыстары, жұбайы және (немесе) жекжаттары туралы жазбаша нысанда хабарлауға міндетті.».

  1. Сондай-ақ, Заңда мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабардар етуге міндеттейтін нормалар көзделген.

Мәселен, "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Заңның 52-бабы 3-тармағының бірінші бөлігі дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратқа ие мемлекеттік қызметшіні осындай құқық бұзушылықты болғызбау және тоқтату жөніндегі қажетті шараларды қабылдауға, оның ішінде жоғары тұрған басшыға және (немесе) өзі жұмыс істейтін мемлекеттік органның басшылығына және (немесе) уәкілетті мемлекеттік органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға міндеттейді. Мемлекеттік қызметші өзін басқа адамдардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндіру жағдайлары туралы да аталған адамдар мен органдарға жазбаша нысанда дереу хабарлауға міндетті».

  1. Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама квазимемлекеттік сектор субъектілерінде мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын жобаларды сатып алу және іске асыру бойынша негізгі шешімдер қабылдайтын тұлғаларға таратылды.

Өткен жылдың соңында бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық өкілеттіктерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін басшылық лауазымдарды атқаратын лауазымды адамдардың, оның ішінде мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының жауапкершілігі туралы норма заңнамалық түрде бекітілді.

Өзгерістерге сәйкес, бірінші басшы соттың айыптау үкімі күшіне енгеннен кейін немесе оның тікелей бағынышына қатысты ақталмайтын негіздер бойынша қылмыстық іс тоқтатылғаннан кейін 10 күнтізбелік күн ішінде отставкаға кетуге міндетті.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін олардың тікелей бағыныстылары сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған жағдайда тәртіптік жауапкершілік енгізілді.

Дата публикации
27 ноября 2020
Дата обновления
27 ноября 2020
Тип

Сейчас читают

10 июня 2025
Қазтест
10 июня 2025
Ономастика
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы