Меню

Страницы

Статья

Тілдерді оқыту

Тіл оқыту курстары

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы  облыста тіл саясатын жетілдіру үшін Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын басшылыққа алынып, жұмыстар  атқарып отыр.

Бекітілген жоспарда аса назар аударатын  бағыттың бірі, тіл үйрету әдістемесін жетілдіру, мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесін арттыру.

Осы  жұмыстар өңірде 2 деңгейде жүзеге асырылып жатыр:

1) ұзақ мерзімді оқыту курстары (3 айлық);

2) қысқа мерзімді оқыту курстары (1 айлық).

 

Облыста 6 оқыту орталықтары мен 5  оқыту курстары жұмыс жасайды:

1) «Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығы» ЖК (жекеменшік);

2) Балқаш қаласының «Тілдер орталығы» КММ;

3) Шахтинск қаласының «Бастау» оқу-әдістемелік орталығы» КММ;

4) «Теміртау қаласының тілдерді дамыту орталығы» КММ;

5) «Cаран қаласының тілдерді дамыту орталығы» КММ;

6) «Қарағанды қаласының «Шырақ» тілдерді оқыту орталығы» КММ;

Приозерск қаласында, Абай, Бұқар жырау, Осакаров, Нұра аудандарында  тапсырыс арқылы жүргізіледі.

 

Бүгінгі күні Қарағанды облысында жалпы саны 5350 адамды оқыту жоспарланған (Ұзақ мерзімді (3 айлық) қазақ тілі курстармен 2683 адамды, қысқа мерзімді (1 ай) қазақ тілі курстарына 1057 адамды оқыту бекітілді.

Сонымен қатар, ағылшын тіліне 1471 адам, орыс тіліне 50 адам, түрік тіліне – 100 адам қамтылады.

2025 жылғы  І тоқсанда мемлекеттік тіл оқыту курсының ұзақ мерзіміне 1002 адам,  қысқа мерзімді курсқа 91 адам, ағылшын тіліне 655 адам, түрік тіліне 20 адам,  орыс тіліне  15 адам қамтылды.  

 

Кейінгі жылдары оқытумен ШОБ (шағын және орта бизнес) өкілдерін қамту ерекше назарда. 2025 жылы оқыту курстары «Абзал», «ЦУМ», «Каскад» ірі сауда үйлерінде және Достық үйі ғимаратында, Гоголь көшесі, 34 орналасқан кабинеттерде жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, қазақ тілінде ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру мақсатында Қарағанды қаласында «Мәміле», «Сөйлеп үйрен», Балқаш қаласында «Маржан сөз»,  Теміртау қаласында «Оңай тіл», Бұқар жырау ауданында «Мәміле» сөйлеу клубтары жұмыс істейді. Былтырғы жылы Саран қаласында «Мәміле» клубы ашылса, Теміртау қаласында Ахмет Байтұрсынов атындағы оқыту кабинеті ашылды.

Алдағы уақытта Шахтинск, Приозерск қалалары мен  Нұра, Абай, Осакаров ауданында сөйлесу клубтары ашылатын болады.

Дата публикации
07 сентября 2020
Дата обновления
11 апреля 2025
Тип

Сейчас читают

10 июня 2025
Қазтест
10 июня 2025
Ономастика
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы