Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2018 жылдың 14 қыркүйегінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Көмекей әулие атанған әйгілі жырау, ойшыл дана, көреген қайраткер Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына және Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай «Өлең сөздің данасы» республикалық мүшәйрасын өткізеді.
Мүшәйраның мақсаты:
Мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, тіл мәдениетін көтеру, Бұқар жыраудың әдеби мұрасын және тарихтағы елеулі орнын насихаттау, ақын-жыраулардың шығармашылығына қолдау көрсету арқылы жыраулық поэзияның дамуына ықпал ету, еркін елдің жарқын жетістіктерін, өткен тарихы мен кемел болашағын жыраулық поэзияның құдіреті арқылы қалың жұртшылыққа паш ету.
Шарттары:
Мүшәйраның кезеңдері
Үміткерлердің шығармаларын бағалау кезінде:
Мүшәйраның жүлде қоры
Мүшәйраның жеңімпазы және жүлдегерлер дипломдармен, алғыс хаттармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады.
Бас жүлде (біреу) – 500 000 (бес жүз мың) теңге
І орын (біреу) – 350 000 (үш жүз елу мың) теңге
ІІ орын (екеу) - 250 000 (екі жүз елу мың) теңгеден
ІІІ орын (үшеу) – 150 000 (жүз елу мың) теңгеден
Ынталандыру сыйлығы (он) – 50 000 (елу мың) теңгеден
Мүшәйраға ат салысып, қосымша қолдау білдіреміз деген азаматтар болса қарсылық болмайды.
Мүшәйраға қатысу
Мүшәйраға қатысу үшін үміткерлердің тапсырыстары (үлгідегі кестеге сәйкес аты-жөні, жұмыс немесе оқу орны, байланыс телефондары көрсетіле отырып, жеке куәлігінің көшірмесімен қоса) және шығармалары 2018 жылдың 24 тамызына дейін b.altynbek@karaganda-region.gov.kz электронды мекенжайы бойынша қабылданады.
Анықтама телефоны: 8 (7212) 567476
Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналған
«Өлең сөздің данасы» республикалық мүшәйрасына
қатысуға өтінім үлгісі
|
№ |
Тегі, аты, әкесінің аты |
Туған датасы |
Республика өңірі |
Жұмыс/оқу орны |
Байланыс телефондары
|
|
|
|
|
|
|
|