Меню

Страницы

Статья

«Тілдарын» облыстық байқауының ЕРЕЖЕСІ

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы іс-шаралар жоспарына сәйкес 2017 жылғы 21 сәуірде үш тілді жетік меңгерген жастар арасында  «Тілдарын» байқауын өткізеді.

 

Өткізілу  мақсаты мен міндеттері:

  • үш тілді – қазақ, ағылшын, орыс тілдерін жетік меңгерген қабілетті жастарды анықтау және қолдау;
  • тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу;
  • қазақстандық патриотизмді нығайту;
  • жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.

 

Шарттары:

Байқауға  18-22  жас аралығындағы азаматтар қатыса алады.

Байқауға қатысушыларға мынадай тапсырмалар беріледі:

  1. Берілген тақырыптың мазмұнын толық ашу;
  2. Берілген тақырып бойынша эссе жазу;
  3. Мәтінге ілеспе аударма жасау.

Байқауға қатысушылар үш кезеңнен өтуі тиіс: бірінші кезең – қазақ тілін білу; екінші кезең – ағылшын тілін білу; үшінші кезең – орыс тілін білу. 

Байқаудың міндетті шарты –  алдыңғы  деңгейден (кезеңнен) өткен қатысушы ғана келесі деңгейге қатыса алады.

 

Үміткерлерді бағалау кезінде:

1.жазу сауаттылығы мен дұрыс айтылуына;

2.тілдерді меңгеру деңгейіне;

3.жауаптың мазмұндылығы мен ерекшелігіне  назар аударылады.

Байқау жеңімпаздары қазылар алқасының шешіміне сәйкес диплом, алғыс хат және басқа да  сыйлықтармен марапатталады.

Облыстық конкурстың жүлдегері республикалық «Тілдарын» байқауына Қарағанды облысының атынан қатысады.       

Байқауға қатысатындар туралы мәлімет (көрсетілген нысанға сәйкес) және жеке куәліктің көшірмесі 2017 жылғы 17 сәуірге дейін Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында(Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 34 үй) қабылданады; тел. 567476, 569348 - ф.

№

Аты-жөні (толық)

Туған жылы, айы, күні

Жұмыс немесе  оқу орны

Байланыс телефондары

 

       

 

Дата публикации
06 февраля 2017
Дата обновления
06 февраля 2017
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

10 июня 2025
Қазтест
10 июня 2025
Ономастика
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы