Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясы отырысының ХАТТАМАСЫ
Қарағанды қаласы № 13 12 қыркүйек 2019 жыл
Төрағалық етті: Қарағанды облысының тілдерді дамыту дамыту жөніндегі басқармасының басшысы, комиссия төрағасының орынбасары Қаңтарбекова Гүлнарайым Хасенқызы.
Қатысқандар: Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының мүшелері, Жаңаарқа, Ұлытау аудандары әкімдерінің орынбасарлары.
КҮН ТӘРТІБІ:
І. Жаңаарқа ауданындағы Атасу кентін қайта атау және Атасу кентіндегі № 1 көшеге атау беру туралы
(Қожықаев Қ.Ш.)
ІІ. Ұлытау ауданы Ұлытау ауылындағы атауы жоқ көшеге атау беру туралы
(Байжантаев Б.Т.)
Жаңаарқа ауданының төмендегі:
Атасу кентін – Жаңаарқа кенті деп қайта атау;
Атасу кентіндегі:
№ 1 көшені – Жаңа нұр көшесі деп атау жұмыстарын жүзеге асырсын.
Мерзімі: 2019 жылдың ІҮ тоқсаны.
Ұлытау ауданының төмендегі:
Ұлытау ауылындағы:
Атауы жоқ көшені – Қаныш Нұртазинов көшесі деп атау жұмыстарын жүзеге асырсын.
Мерзімі: 2019 жылдың ІҮ тоқсаны.
Комиссия төрағасының орынбасары Г. Қаңтарбекова
Комиссия хатшысының м.а. Ә. Аманжолов