Меню

Страницы

Статья

Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясы отырысының ХАТТАМАСЫ

Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясы отырысының ХАТТАМАСЫ

Қарағанды қаласы  № 14   27 желтоқсан 2019 жыл

Төрағалық етті: Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Абзал Нүкенұлы Нүкенов.

Қатысқандар: Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясының мүшелері, Жезқазған қаласы мен Жаңаарқа, Нұра, Абай аудандары әкімдерінің орынбасарлары.

 

КҮН ТӘРТІБІ:

І. Жаңаарқа ауданындағы Целинный ауылдық округін – Орынбай ауылдық округі деп қайта атау туралы

(Қожықаев Қ.)

ІІ. Жезқазған қаласы Кеңгір селосы Теректі станциясындағы атауы жоқ көшелерге атау беру туралы

(Ақылбекова З.)

ІІІ. Нұра ауданы Нұра кентіндегі Ақпасов көшесі бөлігін (53-60, 62-72 үйлер аралығын) – Ерлан Нұрғалиев есімімен қайта атау туралы     

(Жұманов М.)

ІҮ. Абай ауданындағы біршама құрамдас бөліктерді қайта атау туралы

(Қабдуалиева Қ.)

 

  1. Жаңаарқа ауданының әкімі (Бекқожин Ю.А.), облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы (Қаңтарбекова Г.Х):

 

Жаңаарқа ауданының төмендегі:

Целинный ауылдық округін – Орынбай ауылдық округі деп қайта атау жұмыстарын жүзеге асырсын.

 

Мерзімі: 2020 жылдың І тоқсаны.

 

  1. Жезқазған қаласының әкімі (Бегімов Қ.Б.), облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы (Қаңтарбекова Г.Х):

 

Жезқазған қаласының төмендегі:

Кеңгір селолық округі Теректі станциясындағы:

Атауы жоқ көшені – Байқоңыр көшесі;

Атауы жоқ көшені – Сарыарқа көшесі;

Атауы жоқ көшені – Наурыз көшесі;

Атауы жоқ көшені – Алтын Орда көшесі деп  атау беру жұмыстарын жүзеге асырсын.

 

Мерзімі: 2020 жылдың І тоқсаны.

 

  1. Нұра ауданының әкімі (Шалмағанбетов А.Т.), облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы (Қаңтарбекова Г.Х):

 

Нұра ауданының төмендегі:

Нұра кентіндегі:

Ақпасов көшесі бөлігін (53-60; 62-72 үйлер аралығы) – Ерлан Нұрғалиев көшесі деп атау беру жұмыстарын жүзеге асырсын.

 

Мерзімі: 2020 жылдың І тоқсаны.

 

  1. Абай ауданының әкімі (Асанов Б.Қ.), облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы (Қаңтарбекова Г.Х):

 

Абай ауданының төмендегі:

Құрма ауылдық округі Құрма ауылындағы:

Спасская көшесін – Сарыарқа көшесі;

Лиманная көшесін – Бірлік көшесі;

Қазақстанның 50 жылдығы атындағы көшені – Абай көшесі;

Мира және Мирная көшелерін – Бейбітшілік көшесі;

Асфальтная көшесін – Керуен көшесі;

Молодёжная  көшесін – Жастар көшесі;

Дружбы көшесін – Достық көшесі;

 

Құрма ауылдық округі Құрма ауылындағы:

Центральная көшесін – Орталық көшесі;

Строителей және Строительная көшелерін – Құрылысшылар көшесі;

 

Құлаайғыр ауылындағы:

Школьный көшесін – Ыбырай Алтынсарин көшесі;

Олимпийская көшесін – Әлия Молдағұлова көшесі;

Кооперативная көшесін – Қаныш Сәтбаев көшесі;

Строительная көшесін – Дінмұхамед Қонаев көшесі деп қайта атау жұмыстарын жүзеге асырсын.

 

Мерзімі: 2020 жылдың І тоқсаны.

 

  1. Осы хаттамалық шешімнің орындалуын бақылау Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бөлім басшысының міндетін атқарушы, Қарағанды облысы әкімдігінің жанындағы облыстық ономастика комиссиясы хатшысының міндетін атқарушы А. Аманжоловқа жүктелсін.

 

 

Комиссия төрағасы                    А. Нүкенов                                                                 

 

Комиссия хатшысы                   Ә. Аманжолов

Дата публикации
27 декабря 2019
Дата обновления
27 декабря 2019
Тип

Сейчас читают

10 июня 2025
Қазтест
10 июня 2025
Ономастика
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы