Меню

Страницы

Статья

Облыстағы көрнекі ақпараттар мен жарнамалар бойынша 2020 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстар туралы ақпарат

Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жоспарына сәйкес облыс аумағындағы көрнекі ақпараттар мен жарнамалардың Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» және «Жарнама туралы» Заңдары талаптарына сай ресімделіп, орналасуы бойынша түсіндіру-насихаттау жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ, өңірлердегі көрнекі ақпараттар мен жарнамалардың ахуалын саралау мақсатында жоспарлы түрдегі «Көрнекі ақпарат пен жарнамаға – сауаттылық!» атты айлық 20 ақпан мен 20 наурыз аралығында ұйымдастырылды.  

Өңірлер ұсынған ақпаратқа сәйкес І тоқсандағы айлық аясында ұйымдастырылған рейдтік шаралар барысында 1626 нысан қамтылып, оның 1525-і мемлекеттік тілді дұрыс пайдаланатындығы (94%) анықталып отыр. Былтырғы жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда аталмыш көрсеткіш 13% артып отырғандығы байқалады (2019 ж – қамтылған нысан – 1887; мемлекеттік тілді дұрыс пайдаланғандар – 1535 (81%)). Алайда нысандарды қамту көрсеткіші былтырғы жылы жоғары, яғни 261 нысанға артық болып отыр. Ағымдағы жылы нысандарды қамту көрсеткіші Шахтинск (13), Қаражал (29) қалалары мен Қарқаралы ауданында (25) төмен.    

2020 жылғы рейдтік шаралар кезінде 182 заңбұзушылық анықталып, айлық кезінде оның 78-і түзетіліп, ол 43 % құрап отыр. Айлық кезіндегі түзету көрсеткішін нақты бақылау елімізге енгізілген төтенше жағдайға байланысты мүмкін болмай отыр. Дегенмен, анықталған заңбұзушылықтар санының былтырғы жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 2,3 есеге азайғаны (2019 ж-423; 2020 ж-159) байқалады. Түзету көрсеткіші ағымдағы жылы былтырғы жылмен салыстырғанда 3 % (2019 ж – 46%, 2020 ж-43%) төмен. Түзету көрсеткіші бойынша есеп жағдай тұрақталған соң нақтыланатын болады. Қалған көрнекі ақпараттар мен жарнамаларды түзету үшін арнайы 1 айдан – 6 айға дейінгі аралықта мерзімдер де берілді.

Сонымен қатар, аталмыш жұмыстардың нәтижелі болуына былтырғы жылдан бастап белсенді түрде қолданысқа енгізілген «Жедел желі» қызметінің көмегі бар деп есептейміз. Былтырғы жылдың осы кезеңінде 735 бизнес субъектісіне көмек көрсетілсе, биылғы жылы 908 кәсіпкер ватсап, телегремм, электронды пошта, фэйсбук әлеуметтік желілері және бөлімдерге келу арқылы әдістемелік көмекке жүгінген.

Бұл жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, үнемі бақылауда болады.

Дата публикации
26 мая 2020
Дата обновления
26 мая 2020
Тип

Сейчас читают

10 июня 2025
Қазтест
10 июня 2025
Ономастика
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы