Меню

Страницы

Статья

Ақселеу Сейдімбеков атындағы жас ақындар мен жазушылардың, көсемсөз шеберлерінің облыстық әдеби-шығармашылық байқауының ЕРЕЖЕСІ

БЕКІТЕМІН

Қарағанды облысының

тілдерді дамыту жөніндегі

басқармасының басшысы

______________Г. Қаңтарбекова

______________ 2019 жыл

Ақселеу Сейдімбеков атындағы жас ақындар мен жазушылардың, көсемсөз шеберлерінің облыстық әдеби-шығармашылық байқауының

ЕРЕЖЕСІ

 

2019 жылдың 22 қарашасында Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы көрнекті этнограф, жазушы, публицист, әдебиеттанушы Ақселеу Сейдімбеков атындағы жас ақындар мен жазушылардың, көсемсөз шеберлерінің (қазақ және орыс тілді) дәстүрлі облыстық әдеби-шығармашылық байқауын өткізеді.

 

Байқаудың мақсаттары:

  • мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, облыс тұрғындарының тіл мәдениетін көтеру;
  • көркем әдебиет пен көсемсөз жанрын жандандыру;
  • өзіндік жазу өрнегі бар жас ақындар мен жазушыларды, көсемсөз шеберлерін анықтау;
  • шығармашылығымен танылып жүрген жастарға қолдау көрсету;
  • ұлы дала тарихы мен мәдениеті, ұлттық салт-дәстүр, ұлттық болмыс мәселелеріне арналған шығармаларды насихаттау.

 

Байқау шарттары:

-   байқауға 16-35 жас аралығындағы үміткерлер қатыса алады;

- үміткерлердің шығармалары қазақ және орыс тілдерінде поэзия, проза және көсемсөз жанрлары бойынша қабылданады;

- әдеби журналдарда жарияланған, басқа байқауларға ұсынылған шығармалар және талапқа сай келмейтін үміткерлердің шығармалары қабылданбайды;  

-  үміткерлердің байқауға ұсынған шығармалары қайтарылмайды және пікір берілмейді;

- бұған дейін осы байқаудың арнайы жүлдесіне ие болған жеңімпаздар қатыса алмайды; 

- ұсынылған шығармалар электрондық нұсқада  Microsoft Word форматында (14 кегльде (шрифт),  жоларасы 1 интервал, Times New Roman қарпімен) жіберіледі;

- қатысушылардың жол ақысын жіберуші жақ немесе қатысушының өзі төлейді.

 

Үміткерлердің шығармаларын бағалау кезінде:

  • ұсынылған шығармалар тақырыбының байқау мақсатына сәйкестігіне;
  • шығарманың тақырыптық-идеялық мазмұнына;
  • туындының көркемдік сапасына;
  • автордың стильдік ерекшелігіне назар аударылады.

Барлық тіркелген шығармаларды байқаудың қазылар алқасы алдын ала қарап, талдау жасайды және бағалайды.

Байқаудың жүлде қоры

Байқау жүлдегерлері әр жанр бойынша (поэзия, проза, көсемсөз)  дипломдармен, ақшалай сыйлықтармен және аталған жанрлардың бірінде ерекше көзге түскен үміткер Ақселеу Сейдімбеков атындағы арнайы жүлдемен марапатталады.

Арнайы жүлде (біреу) – 200 000 (екі жүз мың) теңге

І орын (үшеу) – 150 000 (жүз елу мың) теңгеден

ІІ орын (үшеу) –  100 000 (жүз мың) теңгеден

ІІІ орын (үшеу)  – 70 000 (жетпіс мың) теңгеден

Байқауға ат салысып, қосымша қолдау білдіреміз деген азаматтар болса қарсылық болмайды.

 

Байқауға қатысу

Байқауға  қатысу үшін үміткерлердің тапсырыстары (үлгідегі кестеге сәйкес аты-жөні, жұмыс немесе оқу орны, байланыс телефондары көрсетіле отырып, жеке куәлігінің көшірмесімен қоса) және шығармалары 2019 жылғы 8 қарашаға  дейін akseleu-baikau@mail.ru электронды мекенжайы бойынша қабылданады.

Анықтама телефоны: 8 (7212) 567476

 

Ақселеу Сейдімбеков атындағы жас ақындар мен жазушылардың, көсемсөз шеберлерінің облыстық әдеби-шығармашылық байқауына

қатысуға өтінім үлгісі

Тегі, аты, әкесінің аты

Туған датасы

Өңірі

Жұмыс/оқу орны

Байланыс телефондары,

электронды поштасы

Дата публикации
19 сентября 2019
Дата обновления
19 сентября 2019
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

10 июня 2025
Қазтест
10 июня 2025
Ономастика
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Facebook

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы