Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының 2019 жылғы орындалысы туралы АҚПАРАТ

р/с

№

Іс-шаралар атауы

Аяқтау нысаны

Орындалуы

Орындау мерзімі

1

2

3

4

5

Ұйымдастыру іс-шаралары

1

Аппарат кеңестерінде сыбайлас  жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін қарау

Аппарат кеңесі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы мәселе апта сайынғы аппараттық кеңестерде қаралады

жылына кем дегенде

4 рет

2

Қызметкерлер үшін дөңгелек үстелдер, семинарлар ұйымдастыру

Дөңгелек үстел, кеңестер

Тоқсан сайын қызметкерлер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру бойынша семинарлар өткізіліп отырады

тоқсан сайын

Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

3

Басқарманың интернет-ресурстарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысы туралы, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылыққа тартылғандар (2018 жылғы қаңтардан), мемлекеттік қызметтен босатылғандар туралы ақпарат  (толық анкеталық мәліметтер, фотосурет) орналастыруды қамтамасыз ету. Сонымен бірге, тұрғындардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қажетті іс-шаралар бойынша тиісті ұсыныстар енгізу мүмкіндігін қамтамасыз ету (блог форматында, бұл ұсыныстарды ашық қолжетімділікте сайтта тұрақты орналастырумен)

Интернет-ресурстардағы тараулар

2019 жылы Басқармада сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылыққа тартылғандар және теріс қылығы үшін мемлекеттік қызметтен босатылған мемлекеттік қызметшілер болған жоқ.

Сонымен бірге, тұрғындардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қажетті іс-шаралар бойынша тиісті ұсыныстар мен сұрақтарын қою мақсатында басқарма интернет-ресурсында (http://krgtil.gov.kz) Басқарма басшысының блогы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі арнайы бөлім жұмыс істейді

 2019-2020 жылдардың

 2 тоқсаны

4

Мүдделер қақтығысы және мемлекеттiк қызметтегі шектеулер мәселелері бойынша талаптардың сақталуына қатысты мониторинг жүргізу, одан әрі  мүдделер қақтығысының, әдеп бұзушылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығының алдын алу мен реттеу жөнінде тәжірибелік құралдар жасау

МҚІжСЖҚА-не ақпарат

2019 жылы әр тоқсанда мүдделер қақтығысы және мемлекеттiк қызметтегі шектеулер мәселелері  бойынша талаптардың сақталуына мониторинг жүргізілді және аталған шектеулерді бұзу фактілері орын алған жоқ.

       Сонымен қатар, басқарма қызметкерлеріне арналған мемлекеттік қызметтегі мүдделер қақтығысы, әдеп және сыбайлас құқық бұзушылықтары сұрақтары бойынша әдістемелік нұсқаулық әзірленіп, басқарма стендінде орналастырылды (қоса ұсынылады).                                

жыл сайын,

20 желтоқсаннан кешіктірмей

5

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік автокөлікті жұмыстан тыс уақытта жеке мақсатта пайдалануының алдын алу үшін автомобиль шанағына мемлекеттік мүлік статусын бекітетін айырым белгісін орналастыру мәселесін қарастыру қажет. Айырым белгілері басқа белгілерден ажыратылуы, автомобиль шанағынан бөлек түсте болуы, тәуліктің қараңғы уақытында белгілі болуы керек.

 

 

 

Айырым белгісін орналастыру

 

Басқарманың қызметтік автокөлігіне (KIA sportage, № 058 АК 09) ерекшелік белгісі жапсырылған (Фото қоса ұсынылады)

тұрақты

6

Лауазымдық міндеттерін орындауға байланысты алынған сыйлықтар бойынша мемлекеттік қызметшілерге арналған жаднама әзірлеу және тарату

 

Жаднама

 

Басқармада лауазымдық міндеттерін орындауға байланысты алынған сыйлықтар бойынша жадынама әзірленді және таратылды (фото қоса беріледі)

2019 жылғы ақпан

7

Мүдделер қақтығысын, әдеп бұзушылығын және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын болдырмау бойынша типтік жағдайлар және ұсынымдар туралы ведомстволық жаднама әзірлеу және тарату

Жаднамалар

Басқармада мүдделер қақтығысын, әдеп бұзушылығын және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын болдырмау жөніндегі жадынама әзірленді және қызметкерлер арасында таратылды

(Фото қоса ұсынылады)

 2019-2020 жылдардың

 2 тоқсаны

Қоғамдық бақылау институтын енгізу және Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы стратегияны іске асыруға

азаматтарды, азаматтық қоғам институттарын тарту

8

«Сенім телефонымен» және бірінші басшылардың жеке қабылдау кестелерімен ақпараттық стенділер әзірлеу және орналастыру, сондай-ақ «сенім телефонының», жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштеріне арналған пошта жәшігінің жұмыс істеуін жалғастыру

облыс әкімі аппаратының  мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөліміне ақпарат ақпарат

 

«Сенім телефоны» және басқарма басшысының жеке қабылдау кестесі ақпараттық стендте орналастырылған және «Новый Вестник» газетінде ай сайын жарияланып отырады.  Жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштеріне арналған пошта жәшігі орнатылған (фото қоса ұсынылады).

тоқсан сайын

9

Мемлекеттік сатып алу рәсімдеулерін өткізудің ашықтығын арттыру

Облыс әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөліміне ақпарат

Мемлекеттік сатып алу рәсімі МС порталы арқылы жүргізіледі және бұл рәсімдердің ашықтығы мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Конкурстық рәсімдерді жүзеге асыру кезінде сыбайлас жемқорлықтың қандай да бір көріністері жоқ. Мамандар мемлекеттік сатып алу туралы заңнамадағы өзгерістер бойынша біліктілігін үнемі арттырып отырады.

Жарты жылда

1 рет

2019-2020 жылдар

10

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған адамдар туралы ақпарат орналастыруды қамтамасыз ету (өмірбаян деректері, суреті, құқық бұзушылық туралы мәлімет)

Тақталар орнату

 

Басқармада сыбайлас жемқорлық әрекет жасаған тұлғалар туралы ақпарат орналастыратын стенд және басқарманың сайтында арнайы бөлім (http://krgtil.gov.kz) қарастырылған.

     2019 жылы Басқармада сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасаған мемлекеттік қызметшілер болған жоқ.

Тұрақты

11

Жұмыста тамаша нәтиже көрсеткен қызметкерлер туралы ақпарат берілетін «Құрмет тақтасын» орналастыруды, сол сияқты «Тоқсанның үздік мемлекеттік қызметшісі» атағына ұсыну мақсатында  мемлекеттік қызметшілердің жұмысына міндетті түрде тоқсан сайын ішкі бағалау жүргізу

Тақталар орнату

  Басқарма ғимаратында «Құрмет тақтасы»  орнатылған және басқарманың сайтында арнайы бөлім жұмыс істейді (http://krgtil.gov.kz), онда тұрақты негізде жұмыста үздік нәтижелер көрсеткен тұлғалар туралы ақпарат орналастырылады.

Тұрақты

 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру

12

Ғимаратта азаматтар тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністерінің профилактикасына және мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің алдын алу бойынша әлеуметтік жарнама мини-плакаттарын орналастыру

МҚІжСЖҚАД-ге ақпарат

Басқарманың ақпараттық стендінде азаматтар тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға және мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық мінез-құлқының алдын алуға бағытталған әлеуметтік жарнаманың шағын плакаттары орналастырылған

Жыл сайын

13

Ғимаратта мемлекеттік қызметшілерге сыйлықтар сыйлауға жол бермеуді түсіндіретін плакаттарды әзірлеу және орналастыру

 

Плакаттар орналастыру

Басқарма қызметкерлерінің кабинеттерінде мемлекеттік қызметшілерге сыйлықтар сыйлауға жол бермеуді түсіндіретін плакаттар орналастырылған

2019 жылғы наурыз

Әкімшілік бөлімнің басшысы                                                                                                      Қ. Дәрімбаева

Дата публикации
03 сентября 2020