Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы
бөлімдеріндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне жүргізілген ішкі
талдау қорытындысы бойынша
АНЫҚТАМА
Қарағанды қаласы
22.06.2018
Жұмыс тобы Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2018 жылғы 05 маусымдағы №47 бұйрығына сәйкес, 2018 жылдың 11-22 маусымы аралығында Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жұмысындағы сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.
Сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау келесі бағыттарда жүргізілді:
1) Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілері;
2) Персоналды басқару;
3) Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.