Қарағанды облысы тілдерді дамыту
жөніндегі басқармасы басшысының
2017 жылғы «09» қаңтар
№ 5 бұйрығымен бекітілген
Қарағанды облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары
Осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттары «Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметінде сыбайлас жемқорлық жағдайларының туындауына жол бермеу мақсатында әзірленген және басқарма қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік атмосферасына қол жеткізуге бағытталған.
1. Қоғамдық қатынас саласының атауы: Қарағанды облысында мемлекеттік тілдің кеңінен қолданылуын және өңірде тұрып жатқан барлық этностардың тілдерін сақтауды қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясатын жүргізу.
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы: «Қарағанды облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
3. Қоғамдық қатынастардың жеке саласына жұмыс істейтін адамдар іс-әрекет қағидалары.