Қарағанды облысының кейбір білім беру және мәдениет ұйымдарына атау беру туралы

Қарағанды облысының кейбір білім беру және мәдениет

ұйымдарына атау беру туралы  

 

 

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының   4-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға,  порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы                       5 наурыздағы № 281 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 11, 81-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қарағанды облысының мынадай білім беру және мәдениет ұйымдарына:

1) Қарағанды қаласы әкімдігінің «Қарағанды қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 93 гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Шәкәрім есімі;

2) «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сәтбаев қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Баубек Бұлқышевтың есімі;

3) Қарқаралы ауданы әкімдігінің «Қарқаралы ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қарағайлы кентінің жалпы білім беретін № 17 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Рысбала Молдақашеваның есімі берілсін.

  1. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі                                                            А. Мамин

 

Дата публикации
05 января 2021