Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ), сондай-ақ 2021 жылдан бастап тиісті лицензиясы бар және уәкілетті органның талаптарына сай келетін инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) жүзеге асырады. Мұндай сенімгерлік басқарудың негізгі мақсаты – зейнетақы жинақтарын түрлі қаржы құралдарына инвестициялап, табыс алу.
Зейнетақы активтерін басқарушылар – ҚРҰБ пен ИПБ-лардың зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша өзіндік стратегиясы бар және олар инвестициялық портфельдің құрылымын инвестициялық декларация шеңберінде дербес айқындайды.
Қолданыстағы ИПБ тізіліміне қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға бере алатын 6 жеке компания кіреді:
«Alatau City Invest» АҚ, «BCC Invest» АҚ, «Сентрас Секьюритиз» АҚ, «Halyk Finance» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ, «Tansar Capital» АҚ. (Бұл ретте «Halyk Global Markets» АҚ «БЖЗҚ» АҚ-ға 2027 жылдан бастап сенімгерлік басқару шартын бұзатыны туралы хабарлаған. Осыған байланысты, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қор зейнетақы жинақтарын осы компанияға аудару туралы өтініштерді қабылдамайды).
www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуге болады.
Зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін жеке басқарушы компаниялар – ИПБ-ларға сенімгерлік басқаруға беру мүмкіндігін БЖЗҚ-ның барлық салымшылары пайдалана алады. Бұл нормалар 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап күшіне енді.
www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуге болады.
Жақында бір ИПБ салымшыларға тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілік және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін инвестициялық портфельдердің үш түріне дейін – консервативті, қалыпты және тәуекелді портфельдерді ұсына алады.
Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдерін қалыптастыру тәртібін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Салымшы бір немесе бірнеше ИПБ-ны таңдай алады. Халықты кеңінен хабардар ету мақсатында БЖЗҚ invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасын іске қосты. Бұл – салымшыларға сенімгерлік басқарушылардың (ҚРҰБ пен ИПБ) басқаруындағы зейнетақы активтерінің портфельдері бойынша түрлі деректерді бір ақпараттық алаңда салыстыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс. Салымшы мұнда инвестициялық портфельдерді өз бетінше бағалауға, сондай-ақ өзінің мақсаттары мен күтетін нәтижесіне сай келетін басқарушы компания мен оның инвестициялық стратегиясын таңдауға мүмкіндік беретін құралдарды пайдалана алады.
Бұдан бөлек, invest.enpf.kz платформасында салымшы ИПБ-лардың инвестициялық декларацияларымен танысып, олардың қаржылық көрсеткіштерін талдай алады. Сондай-ақ ИПБ-ларға қатысты реттеуші орган – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚР ҚНРДА) тарапынан қолданылған әкімшілік шаралар, санкциялар мен ықпал ету шаралары туралы ақпаратты да (олар болған жағдайда) көре алады.
Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін салымшы алдымен ИПБ-ны таңдап, содан кейін белгіленген нысан бойынша өтініш береді.
Өтінішті enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе invest.enpf.kz интернет-платформасында электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, сондай-ақ БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне барып беруге болады.
Жеке кабинетте салымшы, сондай-ақ:
Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға аудару туралы берілген өтініштің мәртебесін сайттағы жеке кабинеттен немесе БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасынан бақылауға болады.
ИПБ-ға аударуға өтініш беру және оларды БЖЗҚ-да өңдеу рәсімдері толық автоматтандырылған. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруға нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген мерзім ішінде береді.
Бұл ретте зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екіншісіне аудару немесе оларды ҚРҰБ-тың басқаруына қайтару алғашқы аударылған күннен бастап кемінде бір жыл өткен соң жүзеге асырылуы мүмкін.
БЖЗҚ – барлық салымшылар үшін бірыңғай есепке алу және ақпараттық орталық, сондай-ақ активтерді кім басқаратынына қарамастан (ҚРҰБ және/немесе салымшы таңдаған ИПБ) олардың жеке зейнетақы шоттарының операторы.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқаруға байланысты қолжетімді қызметтер мен сервистерді ұсынады. Азаматтардың зейнетақы жинақтары, оның ішінде инвестициялық табыс ескерілген ақпарат enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасында 24/7 режимінде берілетін үзінді көшірмелерде толық көрсетіледі.
Әр басқарушының инвестициялық қызметі туралы ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және талдау» – «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» бөлімінде тұрақты түрде жаңартылып отырады.
Сонымен қатар, БЖЗҚ салымшылары үшін invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы жұмыс істейді. Бұл – барлық басқарушылардың (ҚРҰБ пен ИПБ) активтерді басқару нәтижелерін өзара салыстыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс. Invest.enpf.kz платформасы инвестициялық табыстылық туралы ақпаратқа қол жеткізуге, белгіленген кезең аралығындағы басқарушылар мен олардың инвестициялық портфельдері бойынша деректерді салыстыруға және инвестициялық шешімдерді саналы түрде қабылдауға мүмкіндік береді.
Жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, қоқысты белгіленбеген жерлерге тастау жағдайлары әлі де тіркелуде. Қоқыс алаңдарын бақылау үшін қалада 191 бейнебақылау камерасы орнатылған. Камералар тәулік бойы жұмыс істейді.
📌 2026 жылдың басынан бері:
▪️6 208 адам ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды;
▪️3 831 950 теңге көлемінде айыппұл салынды, оның 2 145 200 теңгесі өндірілді;
▪️ортақ пайдаланылатын орындарды ластау фактілері бойынша 226 хаттама толтырылды;
▪️214 адам тұрмыстық қатты қалдықтарды уақытында шығармағаны үшін жауапкершілікке тартылды;
▪️шағын және орта бизнес субъектілеріне қатысты 232 әкімшілік материал рәсімделді.
Тек 26 қыркүйек пен 2 қазан аралығында полиция қызметкерлері абаттандыру ережелерін сақтамаудың 199 жағдайын анықтады. Оның 5-еуі шағын және орта бизнес субъектілеріне қатысты.
Құрметті Теміртау қаласының тұрғындары! ❗
Абаттандыру ережелерін бұзғаны, оның ішінде қоқысты белгіленбеген жерлерге тастағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Қаламыздың тазалығы мен тәртібін бірге сақтайық!
Бүгінгі таңда 20,649 км жолда жөндеу жұмыстары аяқталды.
Тағы 2,929 км жолда жұмыстар жалғасуда. Сонымен қатар, ағымдағы жылы 4,256 км жолда жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Осылайша, биыл орташа жөндеумен 27,834 км автомобиль жолы қамтылады.
Жөндеу жұмыстары аяқталған учаскелер қатарында Ташенов, Сарыарқа, Абай, Теміртау, Шиллер, Восточная, Крупская, Қарағанды көшелері, сондай-ақ Республика және Мир даңғылдары бар.
Қазіргі уақытта Брусиловский және Лисовенко көшелерінде жұмыстар жалғасуда.
Жөндеуді жалғастыру жоспарланған учаскелер қатарында Ватутин, Озерная, Төлеубаев көшелері, сондай-ақ 8-шағын аудандағы жол бар.
Тікелей эфир: https://www.instagram.com/p/Dd5idMYDjkp/
29 қыркүйек күні сағат 16.00-де Ақтау кенті мәдени-бос уақыт өткізу орталығында Теміртау қаласының әкімі Сапар Сатаевтың халықпен кездесуі өтеді. Кездесуден кейін азаматтарды жеке қабылдау өткізіледі.
«Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электронды түрде жер учаскелерін жалға алу құқығын сату бойынша аукцион өткізілетіні туралы хабарлайды:
аукционның басталуы 2026 жылғы 1 қазандағы, сағат 10.00-де.
Сату объектілері туралы толық ақпаратты, аукционды өткізу қағидаларын Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталынан –
https://e-qazyna.kz қараңыз.
Жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (аукциондарды) мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде ұйымдастыру мен өткізу қағидалары - https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2100024803
Сауда-саттыққа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі
|
№ |
Жер учаскесінің орналасқан жері |
Нысаналы мақсаты |
Ауданы, га |
Құқық түрі |
Бастапқы бағасы / Ең төменгі бағасы, теңге |
Жалдау ақысының мөлшері, теңге |
|
1 |
Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, 6а квартал, гараж алабы 1
|
гараж салу және қызмет көрсету үшін |
0,0042 |
Уақытша өтеулі жер пайдалану (3 жыл мерзімге) |
13 452
|
413
|
|
2 |
Қарағанды облысы, Теміртау қаласы, 119-квартал, гараж массивінің маңы
|
құралмалы-ағытпалы конструкциялардан бокс салу үшін |
0,0304 |
Уақытша өтеулі жер пайдалану (3 жыл мерзімге) |
87 629 |
2 991 |
2026 жылғы 8 қыркүйекте Теміртау қаласы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясы, ҚР ҰҚК Қарағанды облысы бойынша департаментінің Теміртау қалалық басқармасының жедел уәкілдері және Полиция басқармасының экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі жедел уәкілі, Облыстық ақпарат түсіндіру тобының мүшесінің қатысуымен білім беру объектілерінің (ЖОО, колледждер, мектептер және мектепке дейінгі мекемелер) басшыларымен бірлесіп семинар-кеңес өткізді. Білім беру ұйымдарында экстремизмнің алдын алу және білім алушы мектеп оқушылары арасында экстремистік идеологияның таралуына жол бермеу, өзгеріс енгізілген нормативтік құқықтық актілер, объектілердің терроризмге қарсы қорғалуы және т.б. сұрақтары қарастырылды. Жиын барысында білім беру объектілерінде туындап отырған проблемалық мәселелер қарастырылып, оларды шешу жолдары талқыланды.
2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексіне енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Бұл өзгерістер БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарын басқару стратегиялары мен инвестициялық портфельдерді өз бетінше таңдау құқықтарын едәуір кеңейтеді. Енді салымшылар өздерінің зейнетақы жинақтарының 100%-ына дейін инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) сенімгерлік басқаруына бере алады.
Жаңашылдықтардың мақсаты – ең қолайлы инвестициялық стратегиясы мен табыстылық тарихы бар ИПБ-ны таңдау арқылы жинақтарды басқарудың ұзақ мерзімді кірістілігін арттыру.
Міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналарының (ЕЗЖ) салымшылары, сондай-ақ пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) мен ЕЗЖ аударылатын жеке тұлғалар сенімгерлік басқаруға берілетін зейнетақы жинақтарының көлемін өз бетінше айқындауға, бір немесе бірнеше ИПБ-ны, сондай-ақ өздерінің қаржылық мақсаттарына сәйкес бір немесе бірнеше инвестициялық портфельді таңдауға мүмкіндік алады.
Таңдау мүмкіндігі арта түседі
Заңнамаға сәйкес әрбір ИПБ салымшыларға тәуекел деңгейі, инвестициялар құрылымы және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін инвестициялық портфельдердің үш түріне дейін (консервативті, теңгерімді және тәуекелі жоғары) ұсына алады. Үш түрлі портфельдің болуы инвестицияларды салымшының жасына және жеке мүдделеріне қарай бейімдеуге мүмкіндік береді. Ал жинақтарды бірнеше ИПБ арасында бөлу құқығы олардың табыстылығының ауытқуына тәуелділікті азайтады.
ИПБ-ның инвестициялық портфельдерін қалыптастыруға қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) айқындайды.
Барлық ақпарат – бір платформада
Салымшыларға қолайлы болу үшін БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға қатысты негізгі ақпаратты біріктіретін invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасын іске қосты. Платформа табыстылық туралы ақпаратқа ыңғайлы әрі құрылымдалған қолжетімділікті қамтамасыз етеді, белгіленген кезеңдер бойынша әртүрлі басқарушылардың (ҚР Ұлттық Банкі мен ИПБ-лардың) басқаруындағы инвестициялық портфельдердің көрсеткіштерін динамикада салыстыруға мүмкіндік береді.
Салымшы инвестициялық портфельдерді бағалап, өзінің мүддесі мен инвестициялық мақсаттарына сәйкес басқарушыны және оның инвестициялық стратегияларын дербес таңдай алады.
Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға қалай беруге болады?
Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін салымшы зейнетақы активтерін басқаруға рұқсат етілген инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИПБ) тізілімінен басқарушы компанияны таңдауы және өтініш беруі қажет. (Толық ақпарат БЖЗҚ сайтындағы «Қызметтер – Сенімгерлік басқаруға аудару – Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінде орналастырылған.)
Өтінішті:
Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ-ға беру, бір ИПБ-дан екіншісіне ауыстыру немесе жинақтарды ИПБ-дан Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ) басқаруына қайтару бойынша қадамдық нұсқаулық мына сілтеме бойынша орналастырылған: https://www.enpf.kz/kz/services/Invest/22218/.
Өтініштің орындалу мәртебесін БЖЗҚ сайтындағы немесе мобильді қосымшасындағы жеке кабинеттен («Өтініштер» бөлімі) қадағалауға болады. Өтініштерді қабылдау және өңдеу үдерісі толық автоматтандырылған. Зейнетақы жинақтарын ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беру өтініш келіп түскен күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде БЖЗҚ арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екіншісіне ауыстыруға немесе оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басқаруына қайтаруға жинақтар инвестициялық портфельді басқарушының сенімгерлік басқаруына берілген күннен бастап кемінде бір жыл өткеннен кейін ғана рұқсат беріледі.
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауы өтеді.
Қарағанды облысының тұрғындары өздерінің қай сайлау учаскесіне тіркелгенін анықтап, сайлаушылар тізімінен өздерін бірнеше ыңғайлы тәсіл арқылы тексере алады:
1. Senim109 бірыңғай байланыс орталығына 109 нөмірі арқылы хабарласу.
2. Тұрғылықты жеріңіз бойынша жұмыс істейтін колл-орталықтарға жүгіну. Байланыс телефондарының тізімі мына сілтемеде орналастырылған:
https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/article/details/243275?lang=kk.
|
|
|
|
3. Жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) пайдалана отырып, онлайн қызметтер арқылы тексеру. Ақпаратты ресми интернет-ресурстардың бірінен алуға болады.
4. Сайлаушыға арналған жеке шақыру қағазында орналастырылған QR-код арқылы. Жеке шақыру қағазындағы QR-кодты сканерлеу арқылы өзіңіздің қай сайлау учаскесіне тіркелгеніңіз туралы ақпаратты жылдам біле аласыз.
5. Сондай-ақ Telegram-бот арқылы – https://t.me/sailau_09_bot.
