Назар аударыңыз: әрбір сайлаушы сайлау жарияланған немесе тағайындалған кезден бастап тиісті жергілікті атқарушы органда сайлаушы ретінде тіркелуге құқылы.
Егер сайлаушы өзiнiң тiркелген жерi бойынша сайлау учаскесiне сайлау күнi келе алмайтыны туралы сайлауға кемiнде 30 күн қалғанда белгiлi болса, ол тұрған жері бойынша жергілікті атқарушы органға өзін тиісті сайлаушылар тізіміне енгізу туралы жазбаша өтінішпен жүгінуге құқылы.
Азамат әкімдікке жүгінген кезде жергілікті атқарушы орган азаматты тіркелген жері бойынша сайлаушылар тізімінен шығаруды және оны азамат дауыс беретін сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне енгізуді ұйымдастырады.
анықтама үшін тел. №: 8(7213) 92-29-53