Меню

Страницы

Статья

2022 жылғы 31 тамызда сағат 17.00-де

2022 жылғы 31 тамызда сағат 17.00-де Теміртау қаласы әкімі аппаратының басшысы Айдар Кәрімовтың төрағалығымен Президенттік Жастар кадрлық резервіне конкурстық іріктеу кезеңдерінен өту тәртібін түсіндіру бойынша семинар өтті, онда ішкі саясат басқармасының басшысы Айнагүл Жайнағанқызы Абдрахманова арнайы сөз сөйледі. Айнагүл Жайнағанқызы 2019 жылы конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша Президенттік жастар кадр резервіне алынған Қарағанды облысынан екі адамның бірі болып табылады.
Айнагүл Абдархманова жас мемлекеттік қызметшілер үшін байқау неше кезеңнен тұрады, қандай құжаттарды дайындау керек және оларды қайда тапсыру керек, қандай сәттерге назар аудару керек, сандық және вербалды тесттер бойынша өз білімдерін тексеру үшін қандай сайттарда байқау сынақтарынан өту керек екенін түсіндірді.
Бұдан бөлек, әдеп жөніндегі уәкіл ретінде Айдар Кәрімов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңының нормаларын сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, 2022 жылғы 29 шілдеде Әдеп кеңесінің отырысын өткізу барысында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Ербол Жолданғардың бірқатар тапсырмалары жеткізілді, онда Айдар Кәрімов баяндама жасады.

Дата публикации
31 августа 2022
Дата обновления
31 августа 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы