Теміртау қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Айдар Кәрімов 14 маусымда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мақсатында Теміртау қаласының мемлекеттік ұйымдарының қызметкерлерімен кездесу өткізді
Мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормаларын сақтау, белгіленген шектеулерді сақтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесу ашық диалог форматында өтті.
Егер Сіз Теміртау қаласы мен Ақтау кенті мемлекеттік қызметшілерінің әдепсіз мінез-құлқына тап болсаңыз, Теміртау қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Айдар Кәрімовке жүгіну қажет, байланыс телефоны: 8 (7213) 92-26-22.