Меню

Страницы

Статья

ҚР Орталық сайлау комиссиясынан алғыс хаттарды тапсыру

ҚР Орталық сайлау комиссиясынан алғыс хаттарды тапсыру

18 шілдеде Теміртау қаласында ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіровтың қолы қойылған алғыс хаттармен марапаттау рәсімі өтті.

Теміртаулықтардың арасында сайлау процесіне белсенді қатысатын азаматтар аз емес. Ерекше миссия осы кезеңде учаскелік сайлау комиссияларында еңбек ететіндерге жүктеледі. Оларға учаскедегі барлық пәтерлерді аралап, барлығын сайлауға шақыру, басқа учаскеде немесе үйде дауыс беру мүмкіндігі туралы айту міндеті жүктелген. 5 маусым – Республикалық референдум өтетін күні Теміртаудағы учаскелік комиссиялардың қаншалықты үйлесімді жұмыс істейтіндігі тағы да көрсетілді.
"Қазақстан халқының өміріндегі маңызды саяси оқиғалардың бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумды дайындау мен өткізуге белсене қатысқаны үшін шынайы алғысымды білдіремін.
Сіз бүкілхалықтық дауыс беруді ұйымдастыруға елеулі үлес қостыңыз және референдумға қатысушылардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуге көмектестіңіз.
Сіздердің еңбектеріңіз үшін алғыс білдіре отырып, Сіздерге зор денсаулық, еңбектеріңізге табыс, бақыт және амандық тілеймін", - делінген алғыс хатта.
Абдулғани Тайбеков, Шамсибану Жалғасова, Ольга Каменева, Сапар Хамитов, Федор Староверов алғыс хаттармен марапатталды.

Дата публикации
20 июля 2022
Дата обновления
20 июля 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы