Құрметті Теміртау қаласының және Ақтау кентінің тұрғындары!
Қаламыздың прокуратурасымен есірткі құралдарының заңсыз айналымы саласындағы қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Біздің шаһарымызда есірткіні заңсыз сақтау, сатып алу, өткізу және тұтыну фактілері жиілеп кетті.
2022 жылдың 5 айының қорытындысы бойынша Теміртау қаласы бойынша есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстардың 11% - ға өсуі байқалады.
Бұл осындай фактілерді анықтау және жолын кесу бойынша жұмыстардың күшеюіне байланысты.
Есірткі құралдарының заңсыз айналымы саласында қылмыс жасағаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 296-303-баптары бойынша қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Мүлікті тәркілей отырып, 15-20 жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы болуы мүмкін. Мысалға,
2022 жылы есірткіні аса ірі мөлшерде өткізу фактісі бойынша "А" есімді азамат 10 жылға бас бостандығынан айырылды.