Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметшілердің "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы" РМҚК Қарағанды облысы бойынша филиалының директорымен кездесуі

2022 жылдың 18 мамырында әкімдіктің үлкен мәжіліс залында «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК Қарағанды облысы филиалы директоры С.Б.Байбосыновтың қатысуымен мемлекеттік қызметшілермен 2022 жылға арналған жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша академияда оқу мәселесі туралы жиналыс өтті.
Жиналыс барысында Теміртау қаласы әкімі аппаратының басшысы А.Ж. Кәрімовпен Қазақстан Республикасының 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының жаңа тұжырымдамасы түсіндірілді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі қағидаттарына мыналар жатады: заң мен әділеттілік алдындағы барлығының теңдігі, жариялылық, ашықтық және қоғам алдында есеп беру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды кешенді қолдану, сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың басымдығы, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы, сыбайлас жемқорлықты оның барлық көріністерінен бас тарту және т.б.
Кездесу соңында Айдар Жақыпұлы мемлекеттік қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларға белсенді қатысуға шақырды.

Дата публикации
18 мая 2022
Дата обновления
18 мая 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы