Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия (бұдан әрі-Комиссия) 12 мамырда Теміртауда мүдделі мемлекеттік құрылымдар, жастар және қоғамдық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен кең ауқымды "Қамқор" атты рейд өткізді.
Рейд барысында 2 аз қамтылған отбасы анықталып, оларға жан-жақты көмек көрсетілді: медициналық ұйымға тіркелу, азық-түлік жиынтықтары мен бірінші кезекте қажетті заттар алып берілді.
Сондай-ақ, рейдпен бұрын анықталған және комиссияның бақылауында тұрған 13 қолайсыз отбасы қамтылды.
Есепте тұрған отбасылармен комиссия тұрақты негізде жұмыс істейтін болады.
Құрметті теміртаулықтар, егер сіздер балаларды қараусыз қалдыру жағдайына куә болсаңыздар, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық қолдану, түнгі уақытта балалардың көшеде жүруі, балалар еңбегін пайдалану фактілері белгілі болса, бей-жай қалдырмаңыздар! Комиссияға, яғни 92-23-98 телефоны бойынша немесе полицияға 102 нөмірі бойынша хабарлаңыз.