Меню

Страницы

Статья

Теміртау қаласының прокуратурасы митингілерді ұйымдастыру және өткізу тәртібі 25.05.2020 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңмен (бұдан әрі – Заң) реттелетінін түсіндіреді.

 

Теміртау қаласының прокуратурасы митингілерді ұйымдастыру және өткізу тәртібі 25.05.2020 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңмен (бұдан әрі – Заң) реттелетінін түсіндіреді. 

Бұл заң елде бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізуді демократияландырып, жеңілдете түсті.

Нақты айтқанда, осы заңда жиналыстар, митингілер мен пикеттерді ұйымдастыру және өткізу үшін хабарлама жасау тәртібі қарастырылған.

Оларды өткізу туралы хабарлама белгіленген күнге дейін 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей жергілікті атқарушы органға жазбаша түрде беріледі.

Хабарламада бейбіт жиналыстың мақсаты мен нысаны, ұйымдастырушылар мен қоғамдық тәртіпті сақтауға жауапты адамдардың деректері көрсетіледі.

Аталған хабарламаны жергілікті атқарушы орган оны тіркеген күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде қарауға тиіс. Осы 3 күн өткеннен кейін жауап болмаған жағдайда, ұйымдастырушы берілген хабарламаға сәйкес бейбіт жиналыс өткізуге құқылы.

Демонстрациялар мен шерулер келісу тәртібімен өткізіледі.

Ол үшін ұйымдастырушы демонстрациялар мен шерулердің өткізілетін күніне дейін 10 жұмыс күн бұрын өтініш беруге, ал жергілікті атқарушы орган ол бойынша 7 жұмыс күні ішінде жауап беруге міндетті.

Ұйымдастырушы өтініште демонстрациялар мен шерулерге қатысушылардың жүру бағытын, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтауды, медициналық көмекті ұйымдастыруды, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жәрдемдесу шараларын көрсетеді.

Өтінішті қарау қорытындылары бойынша жергілікті атқарушы орган ұйымдастырушыға демонстрация немесе шеру өткізу келісілгені не оны өткізуден бас тартқаны туралы хабарлайды.

Заң бойынша бейбіт жиналыстар қатаң түрде арнайы жерлерде және қалалық, аудандық мәслихаттармен белгілеген маршрут бойынша ұйымдастырылуы және өткізілуі тиіс.

Теміртау қаласында және Ақтау кентінде бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу үшін келесі мамандандырылған орындар анықталды:

1) «Бірлік» сквері, сахна алдындағы алаң;

2) Ескі қала саябағының сахнасындағы алаң;

3) «Ақтау» мәдени-демалыс орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны алдындағы алаң. 

Теміртау қаласының прокуратурасы азаматтарды қолданыстағы заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауға, арандатушылыққа бой алдырмауға және заңсыз акцияларға қатысудан бас тартуға шақырады.

 

 

Теміртау қаласының прокуратурасы

 

 

Дата публикации
24 марта 2022
Дата обновления
24 марта 2022
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы