16 наурызда Теміртау қаласы мен Ақтау кентіне Қарағанды облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Гүлнар Қабдыкәрімова келді. Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік органдардың қызметкерлерімен Ашық диалог нысанында кездесулер өткізді. Кездесулерде қызметтік этика нормаларын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Гүлнар Қабдыкәрімова "Мемлекеттік қызметші мемлекет мүддесіне және азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін іс - әрекеттерге қарсы тұруға, заңда белгіленген шектеулерді сақтауға және мемлекеттік қызметшінің әдеп кодексін қатаң сақтауға міндетті", - деп атап өтті.
Бүгінде Теміртау қаласы мен Ақтау кенті жергілікті атқарушы органдарда 108 мемлекеттік қызметшілер жұмыс істейді.
Егер Сіз Теміртау қаласы мен Ақтау кенті мемлекеттік қызметшілерінің әдепсіз мінез-құлқына тап болсаңыз, Теміртау қаласы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Айдар Кәрімовке жүгіну қажет, байланыс телефондары: 8 (7213) 92-26-22.