Теміртау қалалық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 11 наурызда, «Партияның электоратпен жұмыс жасауы. Сайлау компаниясының мерзіміндегі саяси партиялардың сенім білдірілен тұлғалары мен бақылаушыларының құқықтары мен міндеттері» тақырыбында «Ақ жол» партиясының өкілдерімен дөңгелек үстел отырысын өткізді. Сайлау комиссиясының дөңгелек үстелі жұмыстарына қатысу үшін шақырту қағазын «Аманат», «Ауыл» ХДПП», «НПК» партияларына қайталап жіберген болатын, десе де, шақырту қағазын тек «Ақ жол» партиясы қабылдағандығын айта кеткен жөн.
«Ақ жол» партиясының өкілдері қарастырылып отырған мәселелерді талқылауға белсенді түрде атсалысты, өткен сайлау компаниялары туралы пікірлерімен бөлісті. Сайлау күнінде сайлау учаскелеріндегі бақылаушылардың жұмысына қатысты сұрақтар қойылды.
Осындай дөңгелек үстелдерді жүйелі түрде өткізіп тұру туралы ұсыныстар түсті.