2021 жылға арналған парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі Кешенді жоспардың 2.2-тармағын орындау аясында ағымдағы жылдың 24 желтоқсанында Теміртау қаласының әкімдігі мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызмет ардагері, "Үздік құтқарушы қызметкері" төсбелгісінің иегері Кунакаева Бахыт Башимовнамен кездесуін ұйымдастырды.
Аталған іс-шараның мақсаты мемлекеттік қызметшілердің мәртебесі мен имиджін арттыру, өз еліне адал қызмет етуді қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету болып табылады.
Кездесу барысында Бақыт Башимовна мемлекеттік қызметшілер қоғам мен мемлекеттің игілігі үшін жұмыс істеуі, парасатты, қарапайым және сыпайы болуы, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауы тиіс екенін атап өтті.