2021 жылғы 25 қазанда қала әкімдігі мемлекеттік қызметшілерімен құрметті мемлекеттік қызметші Ирина Анатольевна Ивановамен кездесуін ұйымдастырды.
Бұл кездесудің мақсаты мемлекеттік қызметшілердің мәртебесі мен имиджін арттыру, өз еліне адал қызмет етуді қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті ілгерілету болып табылады.
Кездесу барысында И.А.Иванова мемлекеттік қызметшілер адал, әділ болуға, азаматтармен және әріптестерімен сыпайылық пен әдептілік танытуға, азаматтар арасында парасаттылық қағидатын қалыптастыруға тиіс екенін атап өтті.