Қазақстанда ерлер зейнетке 63 жастан шығады. 2018 жылдан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы біртіндеп 6 айға ұлғая береді.
2013 жылдың 21 маусымдағы №105-V «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңының (одан әрі-Заң) 11 бабының 1 тармағына сәйкес жасы бойынша зейнетақы төлемін тағайындау:
2001 жылғы 1 шiлдеден бастап - ерлерге 63 жасқа толғанда, әйелдерге 58 жасқа толғанда жүргізіледі.
Бұл ретте әйелдерге жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау:
2021 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60 жасқа толғанда;
2022 жылғы 1 қаңтардан бастап - 60,5 жасқа толғанда;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61 жасқа толғанда;
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - 61,5 жасқа толғанда;
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62 жасқа толғанда;
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап - 62,5 жасқа толғанда;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап - 63 жасқа толғанда жүргізіледі.
2021 жылдың қаңтарынан бастап әйелдер үшін зейнет жасы 60 жаста құрайды.
Құжаттарды рәсімдеу ушін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына өтініш беру керек. Бұл – жергілікті жерлердегі Халыққа қызмет көрсету орталықтары.
Өтінішті сондай-ақ, электронды үкіметтің egov.kz онлайн-порталы арқылы беруге болады. Ол үшін электронды сандық қолтаңба болу керек (ЭСҚ).
Зейнетақы рәсімдеуге қандай құжаттар қажет:
Егер еңбек өтілін растайтын құжат болмаса, мұрағаттық анықтаманы / сот шешімін ұсынуға болады
Барлық сұрақтар бойынша "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының 1414 бірыңғай байланыс нөміріне қоңырау шалуға болады (Сенбі, жексенбі және мереке күндерінен басқа күндері күн сайын сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Қоңырау шалу тегін).