Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 67 бабына сай мемлекеттік тұрғын үй қорының тұрғын үйге мұқтаж, осы елді мекенде тұрақты тұратын және пәтерге мұқтаждар тізімінде тіркелген және

- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына;- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; - халықтың әлеуметтік қорғау тобына жататындарға (ҰОСҚ-ға теңестірілгендер, жасы жеткен зейнеткерлер, 1,2 топтағы мүгедектер, толық емес отбасылар, қандастар, кейбір созылмалы аурулардан зардап шегетін адамдар, мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасы)        - «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар, көп балалы аналар;         - мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілерге;- жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен апатты деп танылған азаматтарға қатысы барларға беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы алу үшін электрондық құжат нысанындағы  электрондық цифрлық қолтаңбамен ( ЭЦҚ) куәландырылған өтінішті қалыптастырады. Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаға  тегін көрсетіледі.

Құжаттарды қарау және көрсетілетін қызметті алушы коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге есепке қою туралы анықтаманы берудің жалпы мерзімі өтініш берілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен кеш емес.

Тұрғын үйге тіркелу мәселесі бойынша туындаған барлық сұрақтар бойынша мына телефон арқылы кеңес ала аласыз: 87773911405

Дата публикации
27 октября 2021
Дата обновления
27 октября 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы