Меню

Страницы

Статья

Мектептің ауысуы

Оқу жылының басталуына екі апта қалды. Егер сіздің мектеп жасындағы балаларыңыз болса, онда басқа ауданға немесе қалаға көшкен кезде оларды жаңа мектепке ауыстыру мәселесі туындайды. Қазір баланы eGov порталы арқылы басқа мектепке онлайн аударуға болады.

Мұны қалай жасау керектігі туралы нұсқаулық:
1. EGov порталында ЭЦҚ немесе sms арқылы авторизациядан өтіңіз және "білім" бөлімінде "білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, арнайы)” қызметін табыңыз
2.”Қызметке тапсырыс беру" батырмасын басыңыз
3. Бала туралы және аудару қажет оқу орны туралы ақпаратты толтырыңыз
4. Қызметті ЭЦҚ немесе бір реттік пароль арқылы растаңыз
5. Жеке кабинетте білім беру ұйымына қабылдау туралы немесе көрсетілген себептермен дәлелді бас тарту туралы хабарламамен танысыңыз
6. Таңдаған оқу орнына басып шығарылған қабылдау туралы хабарламамен жүгініңіз.

Қызмет көрсету мерзімі-1 жұмыс күні.

Дата публикации
20 августа 2021
Дата обновления
20 августа 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы