Мемлекеттік көрсетілетін қызмет - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініш жасауы бойынша немесе өтініш жасауынсыз жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - қағаз (қызметті алушылар арқылы), электрондық ("Азаматтарға арналған үкімет" МК - ХҚКО), www.egov.kz. веб порталы, ақпараттық жүйелер).
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі регламенттермен, стандарттармен, ережелермен реттеледі.
Көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтары:
- көрсетілетін қызметті берушіден мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәртібі туралы толық және анық ақпаратты қолжетімді нысанда алуға;
- мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі, мерзімдері мен беру нәтижелері көрсетілген стандарттар мен регламенттерге сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға;
- мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бұзылған құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қорғау туралы талап арызбен сотқа жүгінуге.
Ұсынылатын мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру және оған қолжетімділік – жергілікті атқарушы органдар қызметінде басымды бағыт.
Қала әкімі аппаратымен тұрақты негізде мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері бойынша семинарлар жүргізеді.
Егер де Сіз мемлекеттік қызметті алу кезінде Сіздің құқықтарыңыздың, бостандықтар мен заңды мүдделердің бұзылуына тап болсаңыз - Теміртау қаласы әкімі аппараты мемлекеттік қызметтердің сапасын бақылау бөліміне жүгіну қажет.
Байланыс телефондары: 8 (7213) 92-21-81
Мекенжайы: Теміртау қаласы, Тәуелсіздік гүлзары, 12