Меню

Страницы

Статья

"Азаматтарға арналған үкіметтің" кадр резервіне 24 Қарағандылық қабылданды

Осы жылдың 1 наурыз бен 30 сәуір аралығында болған «Азаматтарға арналған үкіметтің» кадр резерві іріктеуіне барлығы 1873 өтінім келіп түскен болатын.

Үміткерлер бірнеше кезеңнен тұратын іріктеуден өтті. Қорытынды кезеңде үміткерлердің  құрамына ҚР Парламентінің депутаттары, БАҚ өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, HR-мамандары, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілдері, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері, Мемлекеттік корпорациясы директорлар кеңесі мен басқарма мүшелері кірген арнайы комиссия іріктеген болатын.

Нәтижесінде «Дарындылар пулына» 353 адам қабылданса, оның 24-і аймағымыздың азаматтары болып шықты.

Жобаның басты мақсаты – болашағынан үміт күттіретін қызметкерлерді табу, олардың құзыретін дамыту және алдағы уақытта бос басшылық лауазымдарға ұсыну.

Бұл жобаны жүзеге асыруда "Президенттің жастар кадр резерві", Елбасы академиясының салалық менеджерлері" және "Жас Өркен" сияқты ұқсас жобалардың тәжірибесі зерттелген болатын.  "Дарындылар пулы" Қазақстандағы кадрлар резервін қалыптастырудағы төртінші жоба болып табылады.

Дата публикации
01 июня 2021
Дата обновления
01 июня 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы