Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың (МӘМС) барлық артықшылығын пайдалану үшін емханаға тіркелу қажет. Мұндай қажеттілік туындаған кезде көбісі оны қалай жасау керектігін білмейді. Емханаға тіркелудің үш жолы бар:⠀
⠀
Портал арқылы Egov.kz:⠀
- Порталда авторизациядан өтіңіз⠀
- Іздеу жолы арқылы "алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелу" қызметін табыңыз⠀
- Қызметті онлайн сұратыңыз⠀
- Емхана мен дәрігерді таңдаңыз⠀
- Мекенжай мен байланыс мәліметтерін көрсетіңіз⠀
- ЭЦҚ көмегімен сұранымға қол қойыңыз;⠀
- Қызмет нәтижелері жеке кабинетте көрсетілетін болады⠀
⠀
@Kenes1414Bot телеграм-бот арқылы :⠀
- Телеграм мессенджерінде @Kenes1414Bot табыңыз⠀
- Телеграм ботты іске қосыңыз, "қызметтер" бөлімін ашыңыз"⠀
- "Денсаулық сақтау" таңдаңыз, "мессенджер арқылы медициналық ұйымға тіркелу" батырмасын басыңыз"⠀
- Қызмет алушыны көрсетіңіз (өзіңізге / балаға)⠀
- Мекенжай деректерін растаңыз және емхананы таңдаңыз⠀
- Әрі қарай бот тіркелу себебін және дәрігердің деректерін сұрайды⠀
- Растау кодын енгізіңіз⠀
- Телеграм-бот сіздің өтінішіңіздің нөмірін және көрсетілген қызметтің мәртебесін көрсетеді.⠀
⠀
Емхана арқылы:⠀
Жеке куәлігіңізбен және денсаулығыңызға қатысты құжаттармен емхананың тіркеу бөліміне хабарласыңыз. Емханаға тіркелу туралы өтініш жазыңыз.⠀
Қызмет көрсету мерзімі - 1 жұмыс күні.⠀
Маңызды: тіркелуден бұрын емхананың толық атауын және емдеуші дәрігердің аты-жөнін білу қажет. Тіркелу кезінде сіз автоматты түрде алдыңғы емханадан шығарыласыз.⠀