Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызметші әдебі

Мемлекеттік қызмет  мемлекеттік қызметші тұлғасы атқаратын лауазымына, мінезіне және оның орындайтын жұмысына байланысты түрлі талаптар қояды.

Мемлекеттік қызметшінің басты қасиеті - менмендік, тәкаппарлықты болдырмайтын қарапайымдылық болып табылады. Мемлекеттік жұмыскер үшін шамадан тыс өз өзіне сенушілік, жолдастарына, қарамағындағыларға және келушілерге төзімсіздікке мүлдем жол беруге болмайды. Қоғамдық және жеке өмірде қарапайымдылық-заманауи шенеуіктің маңызды адамгершілік талаптарының бірі.  

Бүгінгі күні мемлекеттік қызметшілердің әдебі мен мінез құлқына зор маңыз бөлінуде. Мемлекеттік қызметшінің беделінің тұтастығы жоғары кәсіби және тұлғалық қасиеттеріне, ғибратты өнегелік сапасы мен әдепті мінез құлқы  көріністеріне негізделген.

Бұдан басқа, мемлекеттік қызметші мемлекет мүддесіне және азаматтар құқықтарына нұқсан келтіретін іс әрекеттерге қарсылық көрсетуге, заңмен белгіленген шектеулерді сақтауға міндетті.

Осыған байланысты әдеп жөніндегі уәкілмен тұрақты негізде Теміртау қаласы мемлекеттік қызметшілермен әдет нормалары мен қағидаларын сақтау бойынша семинарлар жүргізіледі.

Егерде Сіз мемлекеттік қызметшінің әдепсіз мінезіне тап болсаңыз әдеп жөніндегі уәкілге жүгінуді сұраймыз.

«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» ММ әдеп жөніндегі уәкілі Айдар Жақыпұлы Кәрімовтің қабылдау кестесі  

Әрбір сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін.

Байланыс телефондары: 8 (7213) 92-26-22

Мекенжайы : Теміртау қаласы, Тәуелсіздік гүлзары, 12

Дата публикации
26 мая 2021
Дата обновления
26 мая 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы