Меню

Страницы

Статья

Теміртау қаласының ТЖБ хабарлайды!

Қар қабатының ери бастауы және көктемгі жылы ауа-райының орнауы жыл сайын өрт сөндіру бөлімшелерінің шығу санының бірнеше есе артуына себеп болады. Оның артуына негізгі себеп – құрғақ шөптің, әртүрлі тұрмыстық қалдықтардың  жануы. Оларды бақылаусыз жағу елді мекендер аумағындағы тұрғын үйлер, құрылыстарға аса үлкен қауіп төндіреді.

Теміртау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы ескертеді: Қазақстан Республикасы үкіметінің 2014 жылғы 9-қазандағы қаулысымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидаларының  71-1 тармағына сәйкес:

-  Алау жағу, қалдықтар мен ыдыстарды өртеу ғимараттар мен құрылыстардан кемінде 50 м қашықтықта жүзеге асырылады. Қалдықтар мен ыдыстарды өртеу осы мақсатқа арнайы бөлінген жерлерде қызмет көрсетуші персоналдың бақылауымен жүргізіледі.

Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды сақтау құрғақ шөпті өсімдіктерді өртеумен байланысты өрттердің тұрғын үйлерге, құрылыстарға таралу қаупінен қорғауға және сол арқылы адамдардың өмірі мен мүлкін қорғауға мүмкіндік береді.

Теміртау қаласының тұрғындары жоғарыда көрсетілген нормалар мен қағидалардың сақталмағаны үшін Әкімшілік кодексте, атап айтқанда 336 бабында «Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинап қою мен жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамау» бойынша әкімшілк жауапкершілік қарастырылғандығы туралы білуі қажет:

- Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтарды жинап қою мен жағу кезінде атмосфералық ауаны қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтамау - ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға – үш, лауазымды адамдарға – жиырма, коммерциялық емес ұйымның шағын кәсіпкер субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жетпіс, кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады.

Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаңыздар!

Дата публикации
09 апреля 2021
Дата обновления
09 апреля 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы