2021 жылдың 17 наурызы күні БЖЗҚ «Ашық есік күнін» өткізеді
Қазіргі уақытта Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қызметтердің 90% астамын онлайн форматта көрсетеді. Бұл салымшыларға қажетті қызметтерді кез келген жерде, қалаған уақытта алуға мүмкіндік береді.
БЖЗҚ мамандары электрондық сервистерді қолдануды енді қолға алған салымшыларға БЖЗҚ-ның сайтында да, мобильді қосымшасында да бар Жеке кабинеттің көмегімен келесі қызметтерді қалай алуға болатынын көрсетеді: жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алу, өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, ЖЗШ-ның бар екендігі туралы анықтама алу, мерзімсіз уақытқа 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру, төлем тағайындауға берілген өтініштің орындалу мәртебесін қадағалау және т. б.
Ниет білдірушілердің барлығының да іс-шара тақырыбы бойынша ғана емес, зейнетақы жүйесі мен жеке зейнетақы жинақтарына қатысты өзге де сұрақтарға үйден шықпай-ақ жауап алу мүмкіндігі болады.
«Ашық есік күні» онлайн-форматта 17 наурыз күні сағат 11:00 – 12:00 дейін және 14:00 -15:00 дейн мемлекеттік тілде өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға сілтеме бойынша өту керек https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g.php?MTID=e7351015fb3d1fb7b77820a540b9237a6 . Содан кейін event-мәжіліс нөмірін 184 468 3636 және event-мәжіліс паролін енгізіңіз: 1324.
«БЖЗҚ» АҚ өз салымшылары мен алушыларын, осы іс-шараға қатысуға ниет білдірушілердің барлығын «Ашық есік күнінде» күтеді!