Меню

Страницы

Статья

Азаматтарға арналған үкіметтің «Дарындылар пулына» өтінімдерді қабылдау басталды

Кадр резервіне өтініш бергісі келетін үміткерлерге talent.gov4c.kz сайтында тіркеуден өту қажет. Өтінім беру кезінде жүйеде жеке деректерді толтырып, өңірді, жұмыс істейтін/жұмыс істеген ұйымның атауын, лауазымды және қызмет бағытын көрсету қажет. Сонымен қатар тіркеу барысында білімі, жұмыс өтілі, байланыс телефоны және электрондық пошта туралы мәлімет толтырылады. Сондай-ақ үміткер жеке куәлігінің, дипломының, сертификаттарының және ұсынымхаттарының (кемінде үш)  көшірмелерін тіркеуі керек. Тіркеу рәсімінен кейін көрсетілген поштаға растау-хат жіберіледі, хатта көрсетілген сілтеме бойынша өткен соң, үміткер пайдаланушы келісіміне ЭЦҚ-кілтпен қол қоюы шарт.

«Онлайн өтініш беру платформасы түсінікті әрі ыңғайлы. Жобаға тіркелген тұлғалар жеке кабинетінде ақпаратты толықтырып, іріктеудің кезеңдері мен нәтижелерін көре алады. Бұл кандидаттарды іріктеу процесінің толық ашықтығын дәлелдейді. Өтінімдерді қабылдау 10 наурызға дейін жалғасады», – дейді мемлекеттік корпорацияның төрағасы Әділ Қожықов.

Үміткерлер 3 кезеңнен тұратын іріктеуден өтеді. Тестілеу кезеңдерін сәтті тапсырғандар мемлекеттік және қоғам қайраткерлерінен, HR сарапшыларынан және Мемлекеттік корпорацияның Басқарма мүшелерінен тұратын сараптама комиссиясының мүшелерімен әңгімелесуден өтеді. Қорытындысында жоғары нәтиже көрсеткен үміткерлер тиісті бос лауазымдарға тағайындау мақсатында кадр резервіне алынады.

Дата публикации
03 марта 2021
Дата обновления
03 марта 2021
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы