Электр сымдарын дұрыс күйде ұстау, ол үшін тұрақты түрде техникалық байқаудан өту;
Ұсталған автокөлікті сатып алған кезде, электр сымдарының бәрі тәртіп бойынша екеніне көз жеткізу қажет;
2 литр (және оданда көп) ұнтақты/көмірқышқыл өрт сөндіргішін қол жетімді жерде ұстау;
Өрт сөндіргішті тек арнайы дүкендерден сатып алып, оның ақаусыздығын тұрақты түрде тексеріп тұру қажет.
Сығылған табиғи газбен және сұйытылған мұнай газымен жұмыс істейтін қозғалтқыштары бар автомобильдердің, өзге мақсаттағы ғимараттарға жапсарлас және оларға жапсарлас салынған, сондай-ақ жер деңгейінен төмен орналасқан жабық үлгідегі автотұрақтарда тұруына жол берілмеу керек.
Газ тәрізді отынмен жұмыс істейтін көлік құралдарын пайдалану кезінде:
1) Жабық үй-жайға техникалық ақаулы (герметикалық емес) газ қоректендіру жүйесі бар көлік құралдарын қоюға жол берілмейді;
2) Көлік құралдарын түнгі немесе ұзақ тұраққа қойған кезде шығыс вентильдері жабылады, магистралдық газ құбырындағы барлық газ шығарылады, одан кейін тұтану ажыратылады, магистральдық вентиль жабылады және аккумулятордағы «масса» ажыратылады;
Автокөліктегі өрттің басталу белгілері:
- бензин иісі;
- салондағы күйген резеңкенің (пластмассаның) иісі;
- капот астынан түтіннің пайда болуы.
Автокөліктердің жану себептері:
- борттық желінің электр сымдарының қысқа тұйықталуы;
- салонда темекі шегу;
- отынның, майдың ағуы және олардың қозғалтқыштың қыздырылған бетіне түсуі;
- жөндеу жұмыстары кезінде, электрмен, газбен дәнекерлеу кезіндегі абайсыздық;
- Жүксалғышта бензині бар синтетикалық канистрді сақтау және оларды ЖЖМС-да бензин құюға пайдалану.
Өрт сөндіру кезіндегі әрекеттер
Капот астындағы өртті сөндіру:
- қолыңызда өрт сөндіргіш болмаса капотты ашпаңыз: оттегігің көбеюі жалынды тек күшейтіп жібереді;
- өрт сөндіргіштің көбігін немесе ұнтағын қарқынды жану ошағына бағыттаңыз;
- отты брезентпен көмкеріңіз, құм, борпылдақ жер тастаңыз, су құйыңыз.
Автокөлік астына төгілген отынды сөндіру кезінде:
- өрт сөндіргішті қолданыңыз – көбік немесе ұнтақты ошақтың шетінен ортасына қарай бағыттаңыз.
Өртті өз бетінше сөндіру мүмкін болмаған жағдайда:
- автокөліктен қауіпсіз қашықтыққа кетіңіз ( 10 м кем емес);
- шұғыл әрекет ету қызметіне қоңырау шалыңыз;
- жақын тұрған автокөліктерге мүмкіндігінше су құйып, оларды өтіп бара жатқан адамдар мен жүргізушілердің көмегімен алыстатыңыз (от ауып кетпеуі үшін).
Егер жанып жатқан автомобиль ішнде адам болып, есік бұғатталып қалған болса:
- әйнекті шағыңыз (монтировкамен, аяқпен, таспен);
- зардап шегушіні автокөліктен шығарыңыз;
- жедел жәрдем шақырыңыз.
Өрт кезінде қоңырау шалыңыз 101, 112
Теміртау қ. ТЖ БАСҚАРМАСЫ