2020 жылғы 11 желтоқсанда Теміртау қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Н.Шевченко "әкім аппараты" ММ мамандарымен бірлесіп, учаскелік сайлау комиссияларының төрағалары үшін 2021 жылғы 10 қаңтарға белгіленген Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауын және мәслихаттар депутаттарының партиялық тізімдер бойынша сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі сайлау рәсімдерін түсіндіру бойынша оқыту семинарын өткізді.