Меню

Страницы

Статья

«БЖЗҚ» АҚ виртуалды «Ашық есік күніне» шақырады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2020 жылдың 27 қарашасында онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. Басты тақырып – «Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі. Зейнетақыны жоспарлау».

Колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері – Ашық есік күнінің негізгі аудиториясы. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа Қордың жұмысы, ұсынылатын қызметтері туралы баяндау, олардың Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесіне зейнетақы жарналарын аударудың маңыздылығы туралы хабардар болуын қамтамасыз ету және жастардың өз болашағы үшін азаматтық, моральдық жауапкершілік сезімін дамыту.  

Бұған қоса, БЖЗҚ мамандары кездесу барысында Қордың салымшылармен өзара іс-қимыл арналары, зейнетақы шотының жай-күйі туралы жедел ақпарат алу тәсілдері туралы әңгімелеп, басқа да қызықтырған мәселелер бойынша білікті ақыл-кеңестерін береді.   

Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» онлайн-форматта 27 қарашада сағат 10:00 де, және 12:00 де өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға сілтеме https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g....b27aae4b39 бойынша өту керек. Содан кейін event-мәжіліс нөмірін 176 454 3975 және event-мәжіліс паролін 1231  енгізіңіз.

Дата публикации
26 ноября 2020
Дата обновления
26 ноября 2020
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

Ақпарат
14 октября 2026
Күнтізбелік жоспар
Бағыттар
13 октября 2026
Ұсыну қорытындылары
Бағыттар
13 октября 2026
Тіркеу қорытындылары

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы