2020 жылдан бастап Салық әмиянының функционалдығы пайдалануға берілді. Салық әмиянының қызметіне қол жеткізу үшін ЭСҚ немесе СМС код арқылы eSalyq қосымшасында тіркелу қажет. Салық әмиянының механизмі бюджетке төлемдерді автоматты түрде таратуға мүмкіндік береді. Жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер салық әмиянын толтыру арқылы балама салық төлеу мүмкіндігіне ие. Қызмет салық төлеушіге оның бюджетпен ағымдағы және алдағы міндеттемелері туралы ақпарат береді.
Теміртау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы