2024 жылғы 6 қыркүйекте Теміртау қаласының референдум комиссиясы учаскелік референдум комиссияларының төрағаларымен ұйымдастырушылық жұмыс кеңесін өткізді. Күн тәртібінде учаскелердің материалдық-техникалық базасын жарақтандыру, учаскенің жұмыс жоспарын жасау, қажетті құжаттаманың болуы бойынша мәселелер қаралды. Төрағалар оқыту семинарларының кестесімен каскадты әдіспен және тестілеу мерзімдерімен танысты. Барлық сұрақтарға жауаптар алынды.